Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулезге қарсы күресте көп жұмыс атқарылған - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулезге қарсы күресте көп жұмыс атқарылған

Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде осы жұқпалы аурумен күрестің 2019 жылғы қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы алқалы жиын болып өтті.

Оған Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық үйлестірушісі және Ақмола облысындағы кураторы, медицина ғылымдарының кандидаты Сағит Бектасов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Әменов, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері бас дәрігерлерінің орынбасарлары, аудандық туберкулезге қарсы күрес бөлімінің бас дәрігерлері, фтизиатрлар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, диспансер қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Диспансердің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Қасымжан Тәшметов баяндама жасаған алқалы жиынның алдында диспансердің жұмысымен танысқан меймандар көптеген жағымды жайттарға куә болды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында кеуде және хирургиялық пульмонология бөлімшесін ашу жоспарлануда. Ауруханада пациенттерге қолайлы жағдай жасау үшін палаталардағы төсек саны да азайтылған. Әр палатада душ, ванна бөлмелері және барлық бөлімшелерде жөтел кабиналары орнатылған. Эндоскопиялық бөлме де талапқа сай жабдықталған. Жүрек-өкпе реанимациясында қызметкерлерді оқыту үшін арнайы орталық ашылып, жабдықталған. Сонымен қатар, бактериялар бөлмейтін сырқаттарды амбулаториялық емдеуді кеңейтуге де кең жол ашылған. Сырқаттардың кем дегенде 50 пайызы алғашқы күннен бастап амбулаториялық негізде емделуі керек, ал, амбулаториялық емдеу 58,8 пайызды қамтиды.
2016 жылдан бастап бейнебақылау арқылы емдеу ісі енгізілген. Бұл туберкулезбен ауыратын науқастарды нақты уақыт режимінде немесе бейне жазу режимінде қашықтықтан басқарылатын емдеу әдісі. Яғни, емделуші өз үйінде отырып, туберкулезге қарсы препаратты қабылдайды және бейне бақылауды олар үшін жа-уап беретін медициналық қызметкерге жібереді. Ол науқас үшін өте ыңғайлы әрі емделуге деген құштарлығын арттырады. Бейнебақылау арқылы емделуге барлығы 174 науқас жіберілген. Ол үшін ғаламдық қор жобасы аясында 20 смартфон қойылса, диспансердің көмегімен тағы 25 смартфон сатып алынған. Сондай-ақ, пациенттердің Интернет-тарифі де ай сайын төленіп тұрады. Бүгінгі таңда Ғаламдық қордан смартфондарды жеткізу жоспарлануда және бұл тәжірибе кеңейтіле түспекші. Өткен жылы 186 алғашқы медициналық санитарлық көмек дәрігерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының қатысуымен жаңа әдістерді қолдану арқылы туберкулезді анықтау, диагнос-тикалау және емдеу бойынша оқыту жұмыстары ұйымдастырылған. Диспансер мамандарының аудандарға іссапары барысында 951 орта медициналық қызметкер оқытылыпты. Жылдық жоспарға сәйкес жасалған мониторингпен 14 аудандық
аурухана, Көкшетау қаласының емханалары және медициналық-әлеуметтік мекемелер қамтылды. Туберкулезге қарсы шараларды жүзеге асыруға байланысты үкіметтік емес ұйымдармен өзара бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылдан 2019 жылға дейін облыста «Джен-Эксперт» аппаратын қолдана отырып, туберкулезді дер кезінде диагностикалауға, туберкулезге қарсы жаңа препараттарды қолдана отырып, емдеудің жаңа әдістерін енгізуге бағытталған жұмыстар атқарылуда. Жоба аясында 2019 жылы 581 пациентке ай сайын 101,5 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілген. Туберкулез ауруының алдын алу және оны азайту мақсатында «Игілік» қоғамдық қоры осал топтарға көмек көрсетуде. Жоба аясында үш жыл ішінде халықтың осал топтарынан шыққан 124 науқас анықталып, туберкулезге шалдыққан 332 науқасқа көлік шығындары түрінде 4,3 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілген және тұрақты тұрғылықты жері жоқ 14 адам құжаттандырылған. Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес жетекшілерінің туберкулездің алдын алу туралы хабардарлығын арттыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары жасалды. Бизнес құрылымдар арқылы 64 сауалнама жүргізілген. «Туберкулездің бизнеске әсері туралы» баспасөз конференциясы да өткізілген. Халықты ақпараттандыру мақсатында облыстық, қалалық газеттерде туберкулездің алдын алу туралы мақалалар жарияланып тұрады. Қала көшелерінде туберкулез туралы төрт билборд ілініп, қаладағы 72 автобусқа жөтел этикеті туралы ақпараттық плакаттар орналастырылды.
Алқалы жиынның соңында өткен жылдың қорытындысы шығарылып, 2020 жылға арналған негізгі міндеттер мен ұсыныстар айқындалды. Туберкулез бо-йынша эпидемиологиялық жағдай бапсыз аймақтарда туберкулезге қарсы шараларды, флюорографиялық зерттеу және туберкулезді диагностикалау жоспарының орындалуын бақылау, балалар арасындағы туберкулездің алдын алу үшін туберкулезге қарсы жұмыстарды күшейту керектігі баса айтылды. Оған қоса, құжаттарды рәсімдеу, аурулардың тұрғылықты жерін анықтау, емханаларға тіркеу және үйсіз адамдарды тексеріспен уақытында қамту, режимді бұзушыларды табу үшін полиция қызметімен өзара бірлесіп жұмыс істеу, туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсету көлемін айына кемінде 5 АЕК мөлшерінде арттыру көзделіп отыр.
Облыста туберкулезбен сырқаттанушылық 9,7 пайызға азайса, оның таралуы 4,4 пайыз. Балалар аурушаңдығының төмендеуіне де қол жеткізіліп отыр. 18 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулезбен ауырған 23 жағдай тіркеліп, бұл көрсеткіш 8,0 пайызға төмендеген.
Жиында сөз алған Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұлттық үйлестірушісі, Ақмола облысының кураторы С.Бектасов облыстық диспансердің үлкен ұйымдастырушылық жұмысына қанағаттанарлық баға беріп, жергілікті билік тарапынан әлеуметтік көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.
Диспансерде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған емдеу тиімділігіне қол жеткізілген. Осылайша 2016-2035 жылдар аралығындағы «Туберкулезді тоқтату» стратегиясындағы міндеттерді шешу үшін алға нақты мақсаттар қойылып отыр.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар