Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкімің іскер болса, ауылыңның бағы - АРҚА АЖАРЫ

Әкімің іскер болса, ауылыңның бағы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау» мәдениет сарайында өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен және учаскелік полиция инспекторларымен кеңес өткізді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, департаменттер мен басқармалардың, мемлекеттік органдардың, аудандар мен қалалардың әкімдері және делегациялары, учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңесте өңір басшысы Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған Жолдауына тоқтала келіп, елді мекендерде әлі де шешімін таппаған мәселелердің баршылық екенін алға тартты. Сонымен қатар, елді мекендердің әлеуетін арттыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерлерге қолдау көрсету, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік салаға қатысты бірнеше мысалдар келтіре отырып, бірқатар міндеттерді жүктеді.
Өңір басшысы сондай-ақ, көктемгі су тасқынына дайын болу керектігін де ескертті. Халықпен жиі кездесіп, елде іске асып жатқан бағдарламаларды кеңінен түсіндіру қажеттігіне де аса мән берді. Цифр-ландыру, рухани жаңғыру, денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған шаралардың маңыздылығын ұғынықты етіп жеткізудің қажеттілігіне зер салды. Бұл ретте әкімдерге зор жауапкершілік жүктелетінін баса айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы М.Төлеубаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Департамент басшысының айтуынша, әлі де болса аудандар мен ауылдық жерлерде жемқорлықпен күрес мәселесіне жауапкершілікті арттыру керек. «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы бойынша аудандардың барлығы қарқынды жұмыс атқарып жатыр деуге болмайды. Кейбір аудандарда ашылған «Адалдық дүкендерінің» аты бар да, заты жоқ. Биылғы Волонтер жылы аясында «Адал көмек» жобасы қолға алынған. Департамент басшысы осы жобаға заңгерлерді де ерікті ретінде өз көмектерін көрсетуге шақырды.
Семинар-кеңесте Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин «Полиция органдарының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері туралы» сөз қозғап, алдағы міндеттер мен атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысының міндетін атқарушы Д.Хайруллин «Қызметтік этиканы сақтау, мемлекеттік аппаратқа сенім білдіру шарты», облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетов «Өкілетті және атқарушы органдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында сөз сөйледі.
Кеңес соңында облыс әкімінің Алғыс хатымен 19 ауылдық округ әкімі, 100 мың, 70 мың және 50 мың көлеміндегі ақшалай сертификаттарымен 3 учаскелік полиция инспекторы марапатталды. Сонымен қатар, Бурабай ауданының Зеленобор ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына қызметтік автокөлік пен 100 мың теңгелік ақшалай сертификат табыс етілді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар