Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазына қаражаты ысырап болмауы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Қазына қаражаты ысырап болмауы тиіс

 Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында облысымыздағы кәсіби және техникалық білім беретін мекемелердің қызметін бағалау мақсатында жүргізілген тексерістердің қорытындылары сөз болды.

  Өкінішке орай, бүгінгі таңда өңіріміздегі кейбір колледждердің  жұмысы көңіл көншітпейтінін тексерістер нәтижесі көрсетіп отыр. Бірі еліміздің мемлекеттік сатып алу жөніндегі  заңын өрескел бұзып, білім беру мекемесінің ғимаратын жөндеуден өткізуге бөлінген қаражатты дұрыс пайдаланбаса, енді бірінде мамандарды дипломсыз қызметке қабылдау секілді жәйттар көп кездеседі. Мұның барлығы да мемлекетіміздің заңдарына қарама-қайшы әрекеттер. Білім беру ісін өз мойындарына алып, ал, өздері осындай қателіктерге жол берген кәсіби және техникалық білім беретін мекемелердің бұл қылығына жол болсын.
Әсіресе, Зеренді ауданы Шағалалы ауылындағы Агробизнес колледжінде орын алған қомақты сомадағы ақша ұрлау фактісі комиссия отырысында қатты сынға алынды. Аталған мекеменің есепшісі 2,8 миллион теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын заңсыз иемденіп кеткен. Колледждің басқа да дебиторлық қарыздары бар екені белгілі болды. Бұл сұрақтар бойынша аталған колледж директоры Қайыргелді Қарабаев жауап беріп, ақталуға тырысқанымен, заң қателескенді кешірмейтінін тағы бір дәлелдеп берді. Осы оқиғадан-ақ, колледжде басшылық тарапынан ешқандай бақылау жоқ екенін, қызметкерлер өздерінің қамын мемлекет мүддесінен жоғары қоятынын түсіну қиын емес.
Степногорск қаласындағы №2 Құрылыс-техникалық және  Көкшетаудағы №1 Сервистік-техникалық  колледждері жайлы да сын айтудан басқа амалымыз жоқ. Бюджеттен бөлінген қаржыны әрлі-берлі шашу, заң ережелерін толық орындамаушылық мұнда да кездеседі. Облыс орталығындағы №1 Сервистік-техникалық колледжінің есепшісі Лидия Музыченко оқушыларға төленетін шәкіртақыны өзінің банк картасына аударып келсе, Краснояр селосындағы №3 Агротехникалық колледжінің басшылығы  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берілетін тамақты өз беттерінше мөлшерден тыс ұлғайтып, мемлекетке айтарлықтай шығын келтірген.
Кінәлі тұлғалар оқушылардың шәкіртақысына қол сұқпағандарын, есепшотқа аударылған ақшаны оқушылардың өздеріне қолма-қол үлестіріп бергендерін айтып, ақталғанымен, олар бұл қылықтары үшін тәртіпке шақырылуы тиіс. Өйткені, мәселе мемлекет қаржысы жайлы болып отырғандықтан, жұмысқа салғырт қарау, ойдан ереже шығару дұрыс емес.  Осы айтылған мәселелердің барлығын назарда ұстауды  қатаң тапсырған Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының  төрағасы Мереке Мұстафин кінәлілердің ісі тиісті органдарға жеткізілетінін хабарлады. Комиссия отырысында заңды белшесінен басқан тұлғалардың қызметтерінен босатылатыны да айтылып, жоғарыдағы білім беру мекемелеріне мемлекетке қарызды қайтарып, басқа да олқылықтарды түзетуге келер айға дейін уақыт берілді.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар