Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталып кеткен бұл мейрам әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі.
Кеңес Одағы кезінде атап өтілуге тыйым салынғанына қарамастан, қазақ халқының ең маңызды мерекелерінің бірі болып қалды. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. Тек 1988 жылы Мұхтар Шаханов коммунистік партияның Орталық Комитетінің бірінші хатшысына хат жазып, осы мерекені қайта жандандыруды сұраған еді.
2010 жылғы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында «Әлем мәдениеті» бағдарламасының 49-тармағына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Сөйтіп, мереке БҰҰ-мен мойындалды.
Парсы тілінде Наурыз «жаңа күн» деп аударылады. Түркі халықтары, заманауи қазақтардың ата-бабалары бұл күні бұлақ, бастау, су қоймасы мен құдықтардың бетін ашып, тазартады.
Сондай-ақ, мейрамда үйде міндетті түрде қымыз, шұбат, сүзбе секілді дәм татанын сүт тағамдары, яғни, ақ болу керек. Егер сүт болмаса, ыдыс-аяқты бұлақ суымен толтырып қоятын болған. Олар осы күні Жаңа жылдық дастарханның сәнін келтіретін міндетті тағам – Наурыз көже дайындайды.
Мереке қарсаңында 22 наурыздың түні қазақтар қиыл-ғажайып аңыздардағы бейне – Қызыр атаны күтеді. Наурыз қарсаңы Қызыр түні немесе «бата түні» деп аталады. Қазақтар бұл түні Қызыр атаны күтіп, ұйықтамауға тырысатын.
Егер үй таза және үй иелерінің жүрегі мейірімге толы болса, Қызыр Ата бақ қонған үйге батасын береді деп есептеледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар