Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелдіңіз бе?!. - АРҚА АЖАРЫ

Медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелдіңіз бе?!.

Ақмола облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің (МӘМС) алғашқы айларының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Нұрлан Ақылбеков Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте егжей-тегжейлі баяндап берді.

Баршамызға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғаны белгілі. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қордың Бірыңғай байланыс орталығы 1406 нөмірі бойынша жұмыс істей бастады. Ал, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол тәулік бойы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда қоғаммен байланыс жөніндегі сарапшы Шанхи Голубеваның айтуынша, өңірдегі байланыс орталығына азаматтардан 1421 өтініш келіп түскен және олардың 97 пайызы консультациялық сипатта болса, үш пайызы шағым күйінде түскен. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90 пайыздан астамы, яғни, 17 миллион адам МӘМС-тің қатысушылары. Олардың ішінде 11 миллионға жуық адамның 15 пайызы ​​азаматтардың жеңілдік санатының өкілдері және оларға мемлекет жарна аударады.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 28 ақпанына дейін Ақмола облысы МӘМС-ке 9,5 миллиард теңге жарналар мен аударымдар аударғаны белгілі. Мәселен, республика бойынша осы жылдың қаңтар айында МӘМС-ке 34,2 миллиард теңге жарналар мен аударымдар аударылды. Жарналардың көп бөлігін мемлекет қаржыландырса, 24 миллиард теңгеден астам қаражат жеңілдік санаттары үшін аударылды.
Ағымдағы жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 46 қызмет берушімен келісім жасасқан, олардың 33-і медициналық ұйымдар, 13-і жеке меншік. –Қаржыландырудың өсуі қалпына келтіру емі және оңалту, консультациялық-диагностикалық қызметтер сияқты қызмет түрлерінде байқалады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Олар кепілдендірілген тегін медициналық көмекті және МӘМС пакетіне негізделген медициналық қызметтерді тегін ала алады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар