Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи құндылықты таныта білейік - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи құндылықты таныта білейік

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Ақмола облысында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытудың әлеуеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

Шараның негізгі мақсаты – өңірде кәсіпкерлікті дамытуға түрткі болып, жаңа инновациялық жобаларды қолдау.  Дөңгелек үстелге  облыстық басқармалардың басшылары, оқу орындарының өкілдері және Алматы, Астана, Қарағанды қалаларынан бір топ меймандар қатысты.
Отырысты «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева ашып, жүргізіп отырды. Ол облысымыз Астана қаласына жақын болғандықтан, қызу дайындықты бастау қажеттігін қадап айтты. Көрмеге 5000-ға жуық еріктілер қажет екенін ескерсек, олардың білімді, тарих пен тілді жетік білетін азаматтар болғаны жөн. Себебі, қонақтар еліміздің ұлттық құндылығын еріктілердің пайымдауына қарап бағалайды.
«Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі басшысының орынбасары Людмила Шабанова «Жасыл экономика» концепциясы негізінде кәсіпкерлікті дамытудың әлеуеті жөнінде баяндама жасап, еліміздегі экологиялық жағдай жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, отызыншы жылдарға қарай жерімізде судың қоры таусылып, өркениет озған сайын табиғат тозады. Сондықтан, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіру қажет. Соның есебінен, экономикамызда қарыштап дамиды. Әрі бой көтеріп келе жатқан кәсіпорындар мен зауыттардың  қоршаған ортаға зиян келтірмеуін жіті бақылау қажет. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу әдістерін үйреніп, өзге мемлекеттің тәжірибесіне сүйену жаңа белеске шығудың даңғыл жолы екенін де назардан тыс қалдырмады.
Ал, Қарағанды қаласынан келген «PRO ECO» энергия тиімділігі жөніндегі Қазақстандағы бірінші орталықтың басшысы Нұрсұлтан Әубәкіров  атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысын айтып берді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қарағанды облысында жылу қазандықтары 552 әлеуметтік-әкімшілік нысанға қызмет көрсетеді. Жыл сайын жылыту кәсіпорындары ауаға 276 тонна зиянды қалдық шығарады екен. Бұл  қалыпты мөлшерден төрт есеге көп. Осы ретте, табиғатқа мұндай залал келтірмеу үшін басқа жылыту қондырғыларын пайдалану қажеттігі туып отыр.
Дөңгелек үстел барысында тек экологиялық проблемалар ғана айтылып қоймай, облыс кәсіпкерлері ұсынатын жаңашыл жобалар таныстырылды. Мәселен, кәсіпкер  Оралтай Сәдуақасов  қымыз өндірісін қолға алыпты. Ол күніне 120 литр қымыз дайындауда. Қонақтарға қымыздың шипасы мен қасиетін паш ету үшін халықаралық көрмеге қатысуға ниет білдірген.
Басқосу соңында жиналғандар қарастырылған мәселелер бойынша пікір білдіріп, мамандарға өз сауалдарын жолдап, орнықты жауап алып, таным көкжиегін кеңейте түсті.

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар