Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық қордан бөлінген қаржы тиімді жұмсалсын - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық қордан бөлінген қаржы тиімді жұмсалсын

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Ақмола облыстық мәслихатының партияның депутаттық фракциясы жанындағы кәсіпкерлерді қолдау қоғамдық кеңесі жөніндегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаржы мен бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді орындауды бақылау жөніндегі комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Комиссия отырысында Ұлттық қордан бөлінген қаржыны шаруашылық субъектілеріне, атап айтқанда шағын және орта бизнес өкілдеріне «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы арқылы несиеге беруді жүзеге асырудың жүйесі туралы мәселелер талқыланды. Бұл орайда, «Даму» республикалық қорының Ақмола облысындағы филиалының директоры Еркебұлан Баяхметов баяндама жасап, облыстағы банктермен жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайында ақпарат берді. Баяндамадан Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен облыста 8 396 миллион теңге соманы құрайтын 41 жоба қолдау тапқандығы белгілі болды. Нәтижесінде 112 жұмыс орны ашылып, мемлекетке 144 миллион теңге көлемінде салық төленіпті. Ұлттық қордан бөлінген қаржыны кәсіпкерлерге
несиеге берудің жолдары мен несие берілетін жобалардың маңыздылығы туралы «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Көкшетау қаласындағы филиалының директоры Айгүл Мұқанова таратып айтып берді.
Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов пен комиссияның төрағасы Нартай Ысқақов облыс аумағында жұмыс істеп жатқан банктердің өкілдерімен және кәсіпкерлерімен сұхбаттасып, қазіргі уақыттағы жағдайлары мен туындап жатқан мәселелерін сұрап білді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар