Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіподақтар көмегі - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіподақтар көмегі

Мемлекеттік, банктік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің облыстық салалық кәсіподағының төрағасы Боранбай Бегалин Ақмола облыстық дәрігерлік еңбек сараптама комиссиясының медициналық әлеуметтік сараптама мекемесінде болып, жұқпалы індеттен қорғанатын арнайы киім мен маскалар табыс етті.

Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясының төрағасы Мейірболат Жақыповтың қатысуымен республикалық бейнеконференция болып өткенін айтты. Шара барысында азаматтардың төтенше жағдай кезіндегі кәсіподақ жұмысын сынағаны назардан тыс қалмапты.
–Карантин басталғанда жаңа құрылған бастапқы кәсіподақ ұйымдарына 50 мың теңге бөлінді. Кейін Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының орталық аппараты 350 мың теңге бөліп, Шаңтөбе кентінің, Степногорск қаласы мен Целиноград ауданындағы Аққайың ауылының медициналық санитарлық мекемелеріне және Көкшетау қаласындағы полиция департаментінің госпиталі мен емханасына жұқпалы індеттен қорғанатын арнайы киім мен маскалар сатып алдық. Облыстың кәсіподақ белсенділері депутаттар корпусымен бірге №1 және № 2 блок бекетінде болып, моральдық және материалдық қолдау көрсетті. Жалпы, 9 салаға бөлінетін облыстың кәсіподақ ұйымдарында 80 мыңға жуық адам бар. Біздің салаға 3,5 мың кәсіподақ мүшесі кіреді,–деген Боранбай Кәріпқалиұлы коронавируспен күрес кезінде еселі еңбек етіп жүрген мекеме еңбеккерлеріне алғысын білдірді.
Ақмола облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті директорының орынбасары Нұрлан Шерияздановтың айтуынша, аталмыш департаментте методология және медициналық-әлеуметтік талдауды бақылау бөлімі жұмыс істейді. Бөлім мүгедектікті белгілеу, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі және әлеуметтік қорғаудың қажетті шарасын анықтау мәселесімен айналысады. Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» www.egov.kz._ веб-порталы арқылы мүгедектік тобын сырттай анықтау режиміне ауыстырылған екен. Бүгінгі күні бұл жұмыс тәртіпке қойылған. Барлық қала мен аудан емханаларының дәрігерлік кеңестік комиссиясымен өзара байланыс орнатылыпты. Емханалардан сырқаттардың тиісті санаттағы құжаттары электрондық форматта келеді екен. Мұндай мүмкіндіктері жоқтар мекемеге өздері жолығады. Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейінгі айда, төтенше жағдай кезінде, одан кейінгі айда мүгедектік тобы бар барлық сырқаттардың әлеуметтік төлем мерзімі автоматтық режимде ұзартылыпты. Бүгінгі күні сырқаттар тіркелуден де босатылған екен.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар