Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі егіс – 2020 - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі егіс – 2020

Алқаптағы жұмыс қызды

Өткен жылы аудан бойынша 259,4 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар себілген-ді. Оның ішінде 228,9 мың гектары бидай және бұршақ тұқымдас дақылдардың еншісінде.

Нақтырақ айтқанда, бидай алқабы 189,9 мың, арпа алқабы 28,4 мың, сұлы алқабы 5,8 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ, 4,3 мың гектарға бұршақ тұқымдас дақылдар, 11,0 мың гектарға біржылдық, 6,7 мың гектарға көпжылдық шөптің тұқымы егілген. Тиісінше 3,5 мың гектар жерге жүгері, 7,0 гектарға майлы дақыл тұқымы, 1,2 мың гектарға картоп, 0,7 мың гектарға көкөніс тұқымы отырғызылған. Бір айта кетерлігі, былтырғы жылмен салыстырғанда картоп өсіретін алқап 100 гектарға ұлғайған.
Биылғы жылдың егіс науқанында 1018 трактор, 1115 сеялка және әртүрлі модификациядағы 82 егіс кешені алқапқа шығады деп күтілуде. Бүгінде техникалар жауапты науқанға 100 пайыз да-йын деп айтуға болады. Мамандар егіс жұмыстарының өнімділігі тәулігіне 11200 гектарды құрайды деген болжам айтуда. Осыған орай науқанды 20 жұмыс күнінің ішінде аяқтап шығу жоспарланған.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 3800 тонна дизель отыны, 247 тонна дизель майы мен 750 тонна бензин қажет. Осы орайда «Pioneer Marketing» (Краснояр АҚ), «Petro Retail» («ҚазМұнайГаз» АҚ), «Родина» агрофирмасы» операторлары тарапынан кепілденген 3720 тонна жанар майдың бөлінгендігін айта кету керек. Оның ішінде наурыз айына бөлінгені 1965 тонна.
Егіс жұмыстары үшін 29 мың тонна дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар тұқымы қажет болады. Қазірде 26,8 мың тонна (92 пайызы) тұқымдық астық сараптамаға жіберілген, бұл іспен «ҚазАгроЭкс» кәсіпорны айналысуда. Қазіргі кезде «Восход Агро» ЖШС-нен 16,7 тонна, «Petro Retail», «Green Star» ЖШС-нен («Pioneer Marketing») – 4,4 тонна жанар май алынып, «Нұра -2011» ЖШС мен «Pioneer Marketing» арасында тиісті келісім-шарт жасалған.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар