Барымызды бағалайық!

Орман туралы ойласақ біздің көз алдымызға табиғат әлемі келері сөзсіз. Жасыл желекті қиянға өрлеп кеткен шыршалар, асқар биік таулар, мойылдай мөлдіреген көлдер, бәрі-бәрі көздің жауын алғандай. Бұлай болатыны заңды да. Өйткені, орман – табиғаттың негізгі байлығының бірі. Бірақ, адамзат осыны ұмытып бара жатқандай. Нулы ормандағы қайың-қарағай, терек пен тал, екпе ағаш көшеттері күннен күнге сиреп бара жатқаны жанға батады. Оның селдіреп бара жатқанын адамдар да біледі. «Бір ағаш кессең, екі ағаш ек» деген аталы сөзді көбіміздің ұмытып қалғанымыз қандай өкінішті десеңші. Кейбір жерлерде ағаш түгілі тал табу қиын екені көпке мәлім. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» болып, қойнауы күйіп, қалғаны кесіліп, ортайып бара жатқан орман әр адамға ой салатыны анық. Жаз шыға қызыл жалынға оранған жасыл шалғын мен көк орманды көргенде жаның ашиды. «Өрт-тілсіз жау» екені бәрімізге де белгілі. Ендігі мәселе осы қауіпті болдырмау шараларын қарастыру болып отыр. Сол себепті қазіргі кезде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Әрбір елді мекен өз айналасына көңіл бөліп, бақылап, өрт сөндірушілерді күтпей, қолдан келгенше апатты тоқтатуға ат салысса қандай абзал. Бірақ, ондайлар табыла қояр ма екен. Сөздің түпкі түйіні. «Туған жер алтын бесігің» дегенді есте ұстасақ, сол бесікті өртке шалдырмай, қоршаған табиғат аясын сақтай білейік ағайын!

М.НҰРЫМОВ,
«Бұқпа» орман шаруашылығының орманды қорғау және күзету
бас инженері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар