Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс – 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс – 75

Батыр әкемізді мақтан етеміз

1941 жылы елімізге опасыздықпен басып кірген жауға қарсы аттанған жерлестеріміздің қатарында біздің әкеміз Таңатар Әшімұлы да бар еді.

Ол сол кезде небары он сегіз жаста ғана болатын. Жау совет армиясының тегеуірінді соққыларына төтеп бере алмай жатқан кез. Әкеміз Шығыс Пруссия жерінде шайқасып жатқан үшінші екпінді армияның құрамында болды. Полковник Фроловтың қолбасшылығымен жауды өкшелей қуған біздің әскерлер көп кешікпей, ежелгі орыс қаласы Кенисбергті азат етіп, Берлинге дейін жеткен. Содан әкеміз елге тек 1950 жылы ғана оралды. Әкеміздің соғыс азабы жайлы бізге айтқан әңгімелері жадымызда әлі де сақтаулы.
–Жеңіс күні таяп қалғанын сезіне бастаған жауынгерлер оны жақындата түсу үшін ерлікті, тапқырлық пен батылдықты дағдыға айналдырған кез еді. Алдымызда – зұлым жаудың ең соңғы ордасы. Бекіністен бекініс көп екеніне көзіміз жетіп келеді. Демек, әрбір сүйем жер ілгерілеу үшін «тіл» керек болып тұр, – деп бастаған екен өз сөзін 1981 жылы жергілікті газеттердің біріне берген сұхбатында.
Сұрапыл соғыстан кейінгі саналы ғұмырын әкеміз ел тұрмысын өркендетуге арнады. Әсіресе, орман шаруашылығы саласында аянбай тер төккенін ерекше атап өтсек дейміз. Оның есімі өндіріс озаты ретінде облыстық орман шаруашылығы басқармасының Құрмет кітабына жазылды. Сондай-ақ, бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагері қоғамдық-саяси істерге де белсене араласып, қатарынан үш рет бастауыш партия ұйымының хатшысы болып сайланды. Кәсіподақтардың республикалық комитеті мен облыстық комитетінің мүшесі ретінде де ұйымдастырушылық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Ол коммунистерге, орманшылар қауымына тек жалынды сөзімен ғана емес, өзінің жеке үлгі-өнегесімен де ықпал ете білді.
Ұлдары Самарбай мен Бейсенбай да әке салған сара жолды жалғастырып, орманшылықты кәсіп еткен өз ісінің шеберлері. Абзал әкеміз талай жыл еңбек еткен Самарбай орман шаруашылығы сол кезде табиғаттың ең бір ғажайып мүйісіне айналған еді. Онда қарапайым орманшы – біздің әкеміздің де тынымсыз еңбегінің жемісі бар екені сөзсіз.
Шаңырағымыздың темірқазығы, асқар таудай ардақты әкеміздің дүниеден озғанына жиырма бес жыл өтіпті. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бораған оқтан аман келген ардагер орманшы Таңатар Әшімов тірі болса, биыл 95 жасқа толып, Ұлы Жеңістің 75 жылдығын елімен бірге атап өтер еді. Әттең, біреуге ерте, біреуге кеш жететін жазмыш оны арамыздан алып кетті. Алайда, майдангер әке есімі мәңгі ұрпақтарының жадында.
Бейсенбай ӘШІМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар