Емдері көңілден шығуда

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білуімен қатар, кез-келген жағдайдағы науқастан тартынбайтын, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтын мейірімді де төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.

Осы орайда, өткен жылы күрделі жөндеуден өткен Жалтыр дәрігерлік амбулаториясының ақ халатты абзал жандары қандай мақтауға да лайық.
1968 жылы іргетасы қаланған амбулатория құрамына бүгінде Жаңатұрмыс, Жарсуат, Акимовка, Ягодное елді мекендерінің медпункттері шоғырландырылып, орталықтандырылған болатын. Қазіргі таңда мұнда төрт жоғары санатты терапевт-дәрігер, бір педиатр, жиырма үш медбике жұмыс істейді. Науқас сырқатының себебін анықтап, емдеу шараларына дәрігер бағыт-бағдар берсе, мейірбике сол ем-шараларды жасау арқылы сырқатынан айығуына себепші болады. Аурухана қызметкерлерінің еңбектеріне ауыл тұрғындары қашанда тәнті болып жатады. Сондықтан, бас дәрігер Гүлбағдат Мұқанова, педиатр Елена Пулищий сынды ақ халатты абзал жандарға ризашылығымды білдіріп, алар асулары асқақ, бағындырар белестері биік болсын дегім келеді.
Әркез алдына келген науқастарға бейжай қарамай, олардың жүрегіне жылу ұялатып, дертіне шипа, көңіліне медеу бола білген ақ халатты абзал жандарға мың алғыс! Өйткені, олар қашанда алғы шепте. Оны еліміздің басына төнген коронавирус сияқты қауіпті дерттен айығу жолында жан аямай еңбек етіп жатқан гиппократ антына берік дәрігерлерімізден-ақ байқауға болады. Олардың дер кезінде қабылдаған іс-қимылы асқан жауапкершілікті қажет етеді. Өзіміз естіп, біліп отырғанымыздай, апталап үй көрмей қауіпті пандемиямен арпалысып жатқан абзал жандардың тынымсыз еңбегі ерлікпен пара-пар.
Гүлдана ЫСҚАҚОВА,
Жалтыр №4 орта мектебінің мұғалімі.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар