Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жатақхана – өмірлік мәні бар мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Жатақхана – өмірлік мәні бар мәселе

Ақнұр ЕСЛӘМОВА,
Көкшетау жоғары техникалық колледжінің директоры.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында әлеуметтік саланы дамыту мақсатында бірнеше реформалық ұсыныстарын жасады. Соның ішінде студенттерге арналған жатақханалардың көптеп салынуына аса мән берілді.

Көкшетау жоғары техникалық колледжінде 2300-ден астам студент күндізгі бөлімде 24 мамандық, 42 біліктілік түрі бойынша білім алуда. Осы студенттердің 60 пайызы ауылдық елді мекендерден келіп оқып жатқан балалар. Колледж базасындағы 500 орындық жатақхана шыны керек, өте жеткіліксіз. Күні кеше Мемлекет басшысының елімізде жалпы саны 90 мың орынды қамтитын жатақханалар салу туралы ұсынысы өте дұрыс мәселе болды. Себебі, жоғары және орта арнаулы оқу орындары көбіне қалаларда орналасады. Ал, онда оқуға түсетін жастардың басым бөлігі ауыл балалары. Студенттер қалаға келген соң, туысқандарын паналайды, кейбірі баратын жері болмағандықтан пәтер жалдайды. Қазіргі уақытта барлық студенттердің пәтер жалдауға жағдайы келмейді. Сондықтан, олар ата-аналарының бір жағынан шығысып, көмектесейік деп кешкі уақытта мейрамханалар мен дәмханаларды жағалап, жұмысқа орналасады. Сол себепті, студенттердің сабақтарына ден қойып, дұрыс білім алып шығуына жатақханалардағы орындардың жеткілікті болуы аса маңызды рөл атқарады деп санаймын.
Біздің колледждің жанынан 300 орынға шақталған 5 қабатты жаңа жатахана салу жоспарлануда. Былтырғы жылы облыстық құрылыс басқармасының мамандары жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, оның архитектуралық жобасымен бізді таныстырды. Біз де өз тарапымыздан жатақхананың білім алушыларға ыңғайлы әрі жайлы болуы үшін қажет деп санаған ұсыныстарымызды білдірейік. Жатақханада медициналық орталық, қоғамдық тамақтану орны болады және бөлмелер 2-3 орынға шақталып, әрі қазіргі заманға сай талаптар негізінде салынады деп күтілуде. Облыстық құрылыс басқармасы қазір құрылыс жұмыстарын бастауға конкурс ұйымдастырып жатыр, алдағы уақытта студенттеріміз жайлы да қауіпсіз жатақханада тұрады деп сенемін.
Кеңесте аса мән берілген «Жас маман» жобасы бойынша біздің жоғары техникалық колледжде қажетті іс-шаралар атқарылуда. Қазір материалдық-техникалық базаға көңіл бөліп жатырмыз, тегін кәсіби техникалық білім беру жобасы аясында жыл сайын мемлекеттік тапсырыстарды орындаймыз.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ұсынған барлық жаңа реформалары мемлекетіміз үшін аса қажетті, әрі маңызды. Бұның барлығы болашақ үшін жасалып отырған мүмкіндіктер деп білемін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар