Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні. - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні.

Бұл мереке Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының конгресінде 1949 жылы ресми түрде бекітілді. 1950 жылдан бастап тұрақты түрде аталып өтеді. Мұндай мерекені бекіту туралы ұсыныс алғаш рет 1925 жылы Женевада өткен Дүниежүзілік конференцияда жасалды. Балалардың бұл мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні атап өтілетіндігі туралы нақты мәліметтер жоқ. Болжамдардың бір нұсқасы бойынша, 1925 жылы 1 маусымда Қытайдың бас консулы Сан-Франсискода қытайлық жетім балалардың бір тобын жинап, оларға Дуань-у цзе фестивалін (Қайық-айдаһарлар фестивалі) өткізді. Сәтті кездейсоқтықпен бұл күн Женевада «балалар» конференциясының өткізілуімен сәйкес келді. Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, нақты айтқанда 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге талмай күресу анты айтылды. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы атап өтілді, осыдан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді. Халықаралық балалар күнінің өзінің байрағы бар. Өсімді, үйлесімдікті, балғындық пен шұрайлылықты білдіретін жасыл фонда көрсетілген Жердің айналасына қызыл, сары, көк және ақ стилизацияланған мүсіндер орналастырылған. Адамдардың бұл пішіні алуандылық пен төзімділікті білдіреді. Ортаға орналастырылған Жердің белгісі – ортақ үйіміздің символы. БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Сондай-ақ, әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, оларды бақытты балалығынан, әлемдегі басқа қатарластары секілді білім алып, тәрбиелену мүмкіндігінен айырады. Сондықтан бұл күні тұрақсыздық жайлаған елдердегі балаларға қамқорлық мәселесі де назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, әлем халықтары 20 қараша күні Халықаралық нәрестелер күнін, 16 маусым күні Африкада балаларды қорғау күнін мерекелейді. Қазақстанда 1 маусым күні балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар