Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні - АРҚА АЖАРЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні

Тарихта таңбаны пайдалану дәстүрі ежелден көне түркі заманында пайда болғанын тарихи деректер дәлелдейді. Көшпелілер ортасында бір тайпадан екінші тайпа бөлініп шыққанда ең әуелі азан шақырып ат қоюмен бірге киелі төрт қанатты туын көтере дүниені дүбірлетіп ұранын шақырып алты Алашқа паш етіп таңбасын белгілеу дәстүр болған. Сол таңбаға қарап елін айыру мүмкін болған. Бұл дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Осы зерттеумен айналысатын ғылым саласы елтаңба және тутану өмірге келгелі бірнеше ғасыр болды. «Герб» деген термин немістің «Ербо» деген сөзінен шыққан. Бұл ұғым өз тілімізде «Таңба» деген мағынаны білдіреді. Тарих тәжірибесі – ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең асыл, сүбелі, нағыз прогресшіл қасиеттерін біріне-бірін жалғастырып отыратын өмір эстафетасы.
Қазақ даласындағы таңбалар жиынтығы Таңбалы таста. Ол жерде ескі уақыттан сақталып келе жатқан көп елдердің таңбалары бар. Сол себептен, қазақ халқының бас қосып ұран шақырған жері Таңбалы тас деп келеміз. Қазақ елі империяға тәуелді болған жылдары Түрік қағанаты, Қарахан мемлекеті, Алтын орда, Тәуке хан мен Абылай хан мемлекеті қалыптастырған рәміздерінен айырылды. Бұл рәміздердің орнына батыс пен шығысқа өткір көзін тігіп тұрған өткір жез тырнағын кез-келген мезетте батыруға дайын тұрған қос басты самұрық құсты қазақ даласына рәміз ретінде мойындатты.
Жетпіс жыл бойы қазақ халқы өзіне тән қасиеттерін ескеретін рәміздерін қабылдай алмады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 4 маусымында Республика Жоғарғы кеңесінің қазақ халқының егеменді мемлекет болған жаңа рәміздерін бекітті.Сол күннен бүгінгі күнге дейін міне 28 жыл уақыт өтті. 28 жыл желбіреген туымыздың астында Қазақ халқы егемен елде тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Біздің туымыздың зеңгір көк түсті болу себебі біртұтастықтың, бірліктіліктің және ашық көк аспанның белгісі. Көк байрақта орналасқан күннің белгісі тыныс тіршіліктің, шаттықтың және қайғысы жоқ өмір нышанының белгісі. Күн астында шалқып қалқып ұшып жүрген дала қыраны. Далалықтар бұл белгіні күштің, еркіндіктің және бостандықтың белгісі ретінде қабылдады. Оның қырағылығы мемлекетте бүлікшіліктің пайда болмауын бақылап тұрғандай.
Туда тағы бір белгі ол ою өрнекті «Қошқар мүйіз». Бұл біздің бай мәдениетімізді әлем мен сұлулықты түсіндірудің эстетикалық заңдылығын қамтиды. Бүгінгі күні біздің көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратының алдында, бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттерде орналасқан елшіліктеріміздің маңдайшаларында тұр. Мақтан тұтқан қазақ баласы Ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, алпинистеріміз Эверест шыңына алып шақты.
Әнұран – халық жүрегінің лүпілін түйген музыкалық сәлемхат тәрізді. Рух көтеру, елбасын қосу қажет болғанда барша жұрт қасиет тұтатын аруақты көсем атақта батыр атын атап ұран салған.Әнұран тек әуен емес, оның өлеңі де қасиетті. Әнұранды білу қазақ халқының басты міндеті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар