Көктемгі егіс аяқталды! Әкім құттықтады!

Құрметті агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері!
Құрметті ақмолалықтар!
Биылғы жылдың аса маңызды аграрлық саласының науқаны – көктемгі егіс жұмыстарын Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград және Шортанды аудандары толық аяқтап шықты.
Әлем бойынша коронавирус пандемия індетінің таралуына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көктемгі егіс жұмыстары күрделі жағдайда өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі төтенше жағдайға қарамастан Қазақстанның аграрлық саласына қолдау көрсетуінің нәтижесінде облыс аграршылары мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Соның нәтижесінде ақмолалық диқандар көктемгі дала жұмыстарының барлық шараларын ұтымды ұйымдастыра білді. Аграрлық саланың барлық еңбек ұжымдары және олардың механизаторлары үйлесімді жұмыс істеп, агротехникалық шараларды ойдағыдай атқарып, жоғары өнім алуға негіз қалады. Барлық агроөнеркәсіп кешенінің диқандарын ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді аяқтап шығуларымен құттықтаймын!
Біздің алдымызда егістік алқаптарын күтіп-баптау мен өңдеу, өсімдік зиянкестерімен күресу, мал азығын дайындау және күзгі ораққа дайындық пен оны уақытында өткізу сияқты қауырт науқандық жауапты істер тұр. Сіздер алда тұрған осы міндеттерді абыроймен орындайтындарыңызға сенімдімін. Мемлекет тарапынан әрдайым ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты қолдау көрсетілуі бізді қанаттандыра түсері анық.
Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбастарыңыздың аманшылығын тілеймін. Еліміздің жарқын болашағы жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Ақмола облысының әкімі Ермек МАРЖЫҚПАЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар