Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлем жаңалықтары - АРҚА АЖАРЫ

Әлем жаңалықтары

АҚШ-тағы толқу басылар емес

АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне қатысты Дерек Шовинмен бірге болған үш полицейге де айып тағылды.

44 жастағы тәртіп сақшысы Шовинге «абайсызда кісі өлтірді» деген алғашқы айыптан бөлек «алдын ала жоспарсыз қасақана кісі өлтірді» деген бап қолданылуы мүмкін. Ал, қалған үш полицейге «арандатушылыққа барып, адам өлтіруге көмектесті» деген айып тағылды. Егер тәртіп сақшыларының қылмысы дәлелденсе 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Миннесота штатының бас прокуроры Кит Эллисо атап өткендей, Миннеаполис полициясының бұрынғы қызметкерлері Александр Куэнг, Томас Лэйн және Тоу Таоны қамауға алуға рұқсат берілді.
Қазіргі кезде, АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне қатысты наразылық шерулер жалғасуда. Ел астанасы Вашингтонда мыңдаған адам Ақ үй алдына жиналып, биліктен нәсілшілдікпен күресуді, полицияның қатsгездігін тоқтатуды талап етуде.

Бельгия төрт елмен шекарасын ашпақшы

Бельгияда коронавирус індетінің жайылуы бәсеңдей бастады. Осыған орай елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңіне өтуді мақұлдады.

Елдің премьер-министрі Софи Уильмес маусымның 8-інен бастап аймақтағы мейрамхана, бар мен кафелердің ашылатынын хабарлады. Ал, 15-інен бас-тап бельгиялықтар Еуропа бойынша саяхаттай алады. Бұған қарамастан, тұрғындар әлі де арақашықтықты сақтап, маска тағуы тиіс. Маусым айының ортасында корольдік Еуроодақ елдері, Ұлыбритания мен Шенген аумағына кіретін тағы 4 елмен өз шекарасын ашпақ. Алайда, бұл елдердің шекарасы да осы кезде ашылады деген сөз емес. Кәрі құрлық елдері өздігінен жеке-дара шешім қабылдайды.

Гонконг пен Қытай арасында дау туды

Ұлыбритания Гонконгтың 3 миллионға жуық тұрғынына еңбек визасын бермекші.

Бұл туралы премьер-министрі Борис Джонсон мәлім етті. Оның айтуынша, Бейжің ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдаған жағдайда Ұлыбритания 3 миллионға жуық Гонконг тұрғынына еңбек визасын беретін болады. Бұған қоса олардың азаматтық алуына да мүмкіндік жасайды. Алайда, британияның мұндай жоспарын Қытай тарапы қатаң сынға алып отыр.
Ел билігі корольдіктің бұл әрекетін елдің ішкі ісіне араласу деп санайды. Айталық, үстіміздегі жылдың 1-ші шілдесінде Гонконгта наразылыққа шыққандар парламент ғимаратын басып алған. Полиция көз жасаурататын газ пайдаланып, ереуілге шыққандарды таратқан болатын. Гонконгтың миллиондаған тұрғыны бір айдан бері Гонконг азаматтарын экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы наразылық шеруін өткізіп келеді. Экстрадиция туралы келісім диалогы 20 жылдан бері жалғасуда. Алайда, тараптар нақты келісімге келген жоқ. Енді наразылыққа шыққандар басқарушы Кэрри Ламның қызметтен кетуін, экстрадициялау туралы заң жобасын қарауды күн тәртібінен түбегейлі алып тастауды, қамауға алынған белсенділерді босатуды талап етуде.

Үндістан лай көшкінмен күресуде

Үндістанның Ассам, Кашар, Каримгандж және Хайлаканди аудандарында болған лай көшкін салдарынан кем дегенде 20 адам, соның ішінде кәмелет жасына толмаған балалар қаза тапты.

Ел билігінің мәліметінше, қаза тапқандардың жетеуі – бір отбасы мүшелері. Олар сейсенбі күні таңертең Кашарда толассыз жауған жаңбырдан кейінгі көшкін кезінде мерт болған. Адамдар қираған үйлердің астында қалып қойған. Жергілікті тұрғындар полиция қызметкерлеріне олардың денесін үйінді мен лайдың астынан алып шығуға көмектесті. Басқа алты адам, соның ішінде бір отбасының бес мүшесі Каримгандж ауданындағы көшкін кезінде мерт болды. Он адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Тағы жеті адам Хайлаканди ауданындағы екі көшкін кезінде қаза тапты. Бұдан бөлек, Үндістан Араб теңізінің үстіндегі циклон туралы хабарлады.
Синоптиктердің дерегі бойынша, Нисарга циклоны Мумбай қаласына жақындап келеді. Оның салдарынан Махараштра бірнеше бөлігі мен Гуджарата оңтүстік бөлігінде толассыз жаңбыр жаууы мүмкін. Циклон Үндістанның батыс жағалауындағы басқа да аудандарда, соның ішінде солтүстік Керала, Карнатака мен Гоада жаңбыр жаууына ықпал етуі ықтимал.

Ташкентте мамыр айы ыстық болды

Өзбекстан астанасы Ташкентте мамыр айында рекордтық температура тіркелген.

Бұл ел астанасында соңғы жүз жылда болмаған аптап ыстық орнап, сынап бағанасы 40 градустан асқан. Соңғы рет мұндай аптап ыстық 1902 жылы тіркеліпті. Онда ауа температурасы 39,9 гардусқа жеткен екен. Негізі мамыр айының басында Өзбекстандағы күн райы тұрақсыз болды. Үш апта бойы нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Тіпті, кейбір жерлерде бұршақ жауған. Айдың соңғы он күндігінде Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұқара мен Навои облыстарында күн қатты ысып, күндіз сынап бағанасы 42 градусты көрсетті. Ал, шөлді аудандарда ауа температурасы 44 градусқа дейін барған. Гидрометеорологиялық қызмет орталығы болжау бөлімінің жетекші инженері Виктория Ведерникованың айтуынша, Қарақалпақстан мен Хорезмде мамыр айында бұрын-соңды мұндай жоғары температура тіркелмеген. Сонымен бірге, Ташкентпен бірге маусым айында Нүкісте де рекордтық температура орнайтыны болжанып отыр.

Жапондар туризмді қайта жандандырмақшы

Жапония үкіметі коронавирус пандемиясынан зардап шеккен туризм индустриясын жандандыру мақсатында саяхаттаушылардың шығынын ішінара өтеуді шешті.

Kyodo агенттігінің мәліметінше, 1,35 триллион иен (12 миллиард АҚШ долларынан астам) бөлінген Go To Travel бастамасы аясында Жапония үкіметі саяхаттаушыларға күніне 20 мың иенге (185 АҚШ доллары) жуық субсидия берілмекші. Субсидиялар сапарлар құнының жартысын жабады және демалушылар жақын орналасқан мейрамханалар мен дүкендерде пайдалана алатын үлкен жеңілдіктер мен ваучерлер беріледі. Бастама шілде айының соңында іске қосылатыны күтілуде. Жапония сапар құнының жартысын өтейтіні туралы бастаманы естігеннен кейін әлеуметтік желі пайдаланушылары оның шетелдік туристерге де қатысы бар деген ойға келген. Бірақ, шын мәнісінде олай емес.
Forbes-тің жазуынша, Жапонияның бұл жобасы COVID-19 пандемиясынан кейін ел ішінде саяхаттауды ынталандыруға бағытталған және мемлекет аумағында сапарлайтын жапониялықтарға ғана қатысты. Kyodo коронавирус ел туризміне елеулі әсер еткенін атап өтеді.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар