Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау жаңарып, жасарып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау жаңарып, жасарып жатыр

Көгілдір Көкше табиғат берген көркем келбетімен жан баласын баурап алары анық. Қалай дегенмен де, бүгінгі Көкшетауды өткен шақпен салыстыра алмайсыз. Гүлге көмкерілген көшелері, көкке қолын созған жаңа ғимараттары, өңір тарихынан сыр шертетін белгілі тұлғалардың билбордтары, заманауи аялдамалар, архитектуралық бейнелер – бәрі-бәрі бір-бірімен үйлесім тауып тұр. Киелі ордамыз осылайша замана заңымен үндесіп, көркіне көрік қосып келеді. Сырттан келген мейманға «Біздерде осындай бар, осындай бар» деп мақтана айтуға толық негіз бар.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында мемлекеттік бағдарламалар бо-йынша көптеген азаматтар тұрғын үйге қол жеткізді. Осылайша қаншама адам арманына жетті, баспаналы болды.
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының берген мәліметтеріне сүйенетін болсақ, мемлекеттік бағдарлама аясында соңғы үш жылда облыста 1,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 13 мыңнан аса ақмолалық баспанамен қамтылды. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 19 жалдамалы тұрғын үй құрылысы мен 3 несиелік тұрғын үй салу қолға алынып отыр. Жыл басынан білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысына 26,7 миллиард теңге бөлінген. Оған «Жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» сияқты жаңа бағдарламалар қосылып, қаржы көлемі 36,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірімізде құрылыс көлемінің индексі 117 пайызды құрады, яғни, 151 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс орталығы Көкшетауда да ауыз толтырып айтар ауқымды жобалар жүзеге асырылып, құрылыс жыл өткен сайын қарқындап, дамып келеді. Бүгінде Көкшетаудың инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамыту мен жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар жүзеге асуда. Аймақтағы 15 құрылыс компаниясының қатысуымен қалада тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Мемлекеттiк бағдарламалар аясында «Сарыарқа» жаңа шағын ауданында тұрғын үйлер саны артуда. Соңғы үш жыл ішінде жаңадан 70-ке жуық көппәтерлі тұрғын үй бой көтеріп, 3 мыңнан астам адам жаңа пәтерге қол жеткізген.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласының көшелері жаңарып, жолдары жөнделіп жатқандығын айтып кетпеске болмас. Биыл Қопа көлін жағалай салынар көлік, велосипедшілер, жаяу жүргіншілер, арнайы төсенішті жүгірушілер жолдарының, осы маңда жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асатын оқушылар мен жастарға арналған «Болашақ» сарайы мен «Хан сарай» гранд-холының, одан әрі «Сарыарқа» шағын ауданынан жаңа бизнес орталығы, емхана, дүкендер мен дәмханалар, жаңа тұрғын үйлер салынатындығын қала халқы қуанышпен қабылдағаны белгілі. Алдағы күзде болатын Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы дәл осы «Болашақ сарайында» өтеді деп жоспарланған.
Жоғарыда біз тілге тиек еткен келбетті нысандардың барлығы көгілдір көшеттер, гүлді газондармен көмкерілмек. Сондай-ақ, Қопа көлінің жағасында айналма жол құрылысы мен Қылшақты өзені арқылы өтетін көпір құрылысы қолға алынды.
Жанға жайлы жағалау, оқушының ой өрісін жетілдіріп, дамуына игілікті ықпал етер сарай, тағы басқа көптеген жаңа нысандар күзде ел игілігіне айналады деп күтілуде.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар