Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Елбасы медалі» жобасы басталды  - АРҚА АЖАРЫ

«Елбасы медалі» жобасы басталды 

Еліміз бойынша барлық облыстарда «Елбасы медалі» жобасының бастау алғандығы туралы түсіндіру-ақпараттандыру іс-шаралары өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов аталмыш жобаға кімдер қатыса алатындығы туралы жан-жақты мәлімет берді.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасын ұсынған болатын. «Ел үміті» бастамасы дегеніміз дарынды балалар мен жастарды жан-жақты қолдау болып табылады. Бұл бастама аясында «Мың бала», «Өңірлік орталықтарды дамыту», «Елбасы медалі» атты үш жоба қарастырылған. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген қазақстандық қатыса алады.

«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауылдық жерлердегі балаларды дамытуға бағытталып, оған 5-6-шы сынып оқушылары қатыса алады. Бұл олимпиада екі кезең бойынша өтеді. Облыс бойынша бірінші кезеңге ауылдық мектептерден 13731  оқушы қатысыпты. Екінші кезеңі ағымдағы жылдың 25 маусымында Көкшетау,  Нұр-Сұлтан қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында өтеді. Аталмыш кезең соңында тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары 100 балдан жинаған 1 мың оқушы анықталады. Жоғары ұпайға қол жеткізген оқушыларға дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алу мүмкіндігі ұсынылып, олар іскерлік пен дағдыны дамытатын «Ел Үміті» онлайн-платформасының курстарына тегін қатыса алады.

«Елбасы медалі» – бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу және үйлесімді дамытуға бағытталған бағдарлама. Биылғы жылдың 24 сәуірде бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің №249 қаулысында жоғары патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды ерекше белгімен марапаттау қағидалары көрсетілген. Онда қатысушылар  7 бағыт бойынша бақ сынайды.

Білім басқармасы басшысының мәлімдеуінше, облыстық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 10 маусымдағы шешімі бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасына 40 миллион теңге қаржы бөлініпті.

Қазіргі уақытта Елбасы академиясы тәлімгерлерді іріктеп, оқытып, даярлап шықты. Біздің облыс бойынша жобаға қатысушылармен бірлесе жұмыс істейтін Көкшетау, Степногорск қалалары мен бір-екі ауданнан бас-аяғы 24 тәлімгер оқытылған екен. Бүгінгі күні бағдарламаға 308 қатысушы тіркеліп үлгерген. Әлі де қатысуға үмітті жастар болса, «Елбасы медалі» жобасының сайтында өтініш қалдыруларына болады.

Сонымен бірге, брифинг барысында аталмыш жобаның үйлестіруші Бибігүл Өтепқалиева байланысқа шығып, қатысуға өтініш беру және өткізілу уақыттары туралы ақпарат берді. Өтініш білдірген қатысушыларға тәлімгерлер бекітіліп, олар қола, күміс, алтын медальдерді иелену үшін бірнеше ай бойы даму бағытында өз-өздерімен жұмыс істеп, ең соңында қорытынды тестілеуден өтеді.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар