«Достар» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы «Орталық» бастауыш партия ұйымының есеп беру — сайлау жиналысы болып өтті.
Жиында есеп берген ұйым төрағасы Нұрлан Бекенов қазіргі кезде ұйымдағы 75 партиялық топта 587 мүше бар екендігінен хабардар етті. Есепті мерзім ішінде халықтың партияға деген сенімін арттыру үшін бірталай шаралар жүзеге асырылды. Барлық мәселелермен 6 насихаттық-ақпараттық топ айналысады. Топ мүшелері бүгінге дейін кәсіпорындар мен мекемелерде жетпіске жуық шара ұйымдастырды. Оған қоса, жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында табысы аз отбасылардың балаларына көмек көрсетілді. Бастауыш партия ұйымының мүшелері донорлық қозғалыс, қаланы абаттандыру жұмыстарында да белсенділік танытып келеді.
«Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тасболат Кәкпенов жиында сөз сөйлеп, «Орталық» бастауыш партия ұйымының есептік мерзім ішіндегі жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріп, алдағы уақытта да табыс тіледі. Ұйым мүшелерінің қолдауына ие болған Нұрлан Бекенов «Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағалығына қайтадан сайланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.