Жастар әскерге аттанды

«Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен ақмолалық жастарды әскер қатарына шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастау алған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, ақмолалық өрендерге сәт сапар тіледі.
–Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Отан қорғау әрбір ер азаматтың абыройлы парызы. Біз бейбіт елміз. Бірақ, тәуелсіздігімізді, шекарамызды қорғау үшін әскеріміз болуы керек. Әскер қатарына шақырылған ақмолалық жас-
тар азаматтық борыштарын абыроймен өтеп, ел сенімін ақтайды деген сенімдеміз, – деді ол өз сөзінде.
Шарада облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Жанат Ережепов пен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов әскер қатарына шақырылып отырған жастарға қиындығы мен қызығы мол әскери борыштарын абыроймен атқарып, елге аман-есен оралуларына тілектестіктерін білдірді. Салтанатты жиында сарбаздардың барлығына естелік сыйлықтар тарту етілді.
Кез-келген ата-ана үшін перзентінің ер жеткенін көру үлкен бақыт. Осы орайда, Айгүл Шмалева сөз алып, аналық ақ жүректен ақ тілеуін жеткізді. Ал, болашақ сарбаздардың атынан Сағындық Ержан сенім биігінен көрініп, ел тыныштығын көзінің қарашығындай қорғауға  уәде етті.
Шара соңы мерекелік концертпен қорытындыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар