Оқу-тәрбиенің тиімді жолы

Достық үйінде  студенттік өзін-өзі басқарудың І облыстық форумы болып өтті.

Шараға жоғары оқу орындарының тәрбие  ісі жөніндегі проректорлары мен студенттер қатысты. Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов шет елдердің жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары жақсы жұмыс атқаратынын атап көрсетті. Бұл жұмыс мемлекеттік жас-
тар саясатының бір бағыты екені анық. Әр университет қабырғасында студенттер мен әкімшілік бірлесе жұмыс істеп, тәрбие және оқу ісі мәселелері оңтайлы шешімін табуы қажет.
Форумда жастар саясаты басқармасына  төрт жоғары оқу орны мен 41  кәсіптік-техникалық оқу ұйымдары бірігетін студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының үйлестіру кеңесін құру міндеті жүктелді. Мәдениет және білім  басқармаларына  жыл сайын «Студенттік көктем» облыстық дарынды жастар фестивалін өткізу, сондай-ақ, студенттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп, рухани құндылықтарды қалыптастыру қажеттігі айтылды.
Форумда сөз сөйлеген «Көкше» академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Гүлжанар Шайхина, Көкшетау жоғары техникалық мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Клара Әлиева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жастар саясаты комитетінің төрайымы Эсет Кусиева күн тәртібіндегі мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды. Шара барысында бірқатар жастар ұйымдары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар