Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Судың да сұрауы бар - АРҚА АЖАРЫ

Судың да сұрауы бар

Адамдар да, жануарлар да, өсімдіктер де сусыз өмір сүре алмайды. Денсаулықты сақтау үшін жер бетіндегі жеті миллиардтан астам адамның әрқайсысы күніне тамақпен бірге, шамамен екі жарым литр су тұтынуы керек.

Бірақ, бағымызға орай, жер бетінде су мол. Ғарыштан түсірілген фотосуреттерге сүйенсек, біздің әдемі көгілдір планетамызды жер емес, су деп атау керек еді. Егер барлық суды жер бетіне біркелкі етіп жайып тастаса, онда біз тереңдігі 2,5 шақырым болатын әлемдік мұхитқа ие болар едік. Тынық мұхитының көлеміндей жерге біздің планетамыздың барлық жері толығымен сыйып кетеді, сонда да артық орын қалады. Су жер бетіндегі элементтердің ішіндегі ең молы. Ол жер бетінің 70 пайызын алып жатыр және оның көлемі шамамен 1,4 миллиард текше шақырымға тең. Дегенмен де, іс жүзінде тек кішкене бөлігі ғана қолданылады: бір жерде шамамен 0,003 пайыз. Судың көп бөлігі, шамамен 97 пайызы теңіздер мен мұхиттарда кездеседі, бірақ тұздың мөлшері көп болғандықтан, ол көптеген мақсаттарға жарамайды. Қалған үш пайыздың ішіндегі барлық су, шамамен 87 пайызы полярлы мұзда немесе жердің тереңдігінде орналасқан. Жер бетінде тұщы су жеткілікті, бірақ, су біркелкі бөлінбейді. Бұл негізгі проблемалардың біріншісі болып отыр. Әлем бойынша жер бетінің жартысынан асатын 200-ден астам өзен бассейндері екі немесе одан да көп елдердің жерлерінде орналасқан, ал, өзеннен алыс емес жерде тұратын және суды қолдана алатын адамдар саны әлем халқының тек 0,4 пайызын құрайды.
Ормандардың жойылуына, егістік жерлер мен жайылымдардың азаюына байланысты топырақ нашарлайды. Бұл кезде жер атмосфераға көбірек күн сәулесін түсіреді. Нәтижесінде атмосфера жылынып, бұлттар таралып, жаңбыр аз жауады. Су тапшылығы 80 елдегі халықтың экономикасы мен адам денсаулығына қауіп төндіруде. Әлем халықтарының 40 пайызы, бұл дегеніңіз екі миллиардтан астам адам, таза суға және кәріз желісіне қол жеткізе алмай отыр. Суға деген сұраныс барлық жерде артып келеді. Су ресурстарының біркелкі бөлінбеуі суға деген сұраныстың артуымен күрделенуде. Бүкіл әлемде жауын-шашын аз, ал, кейбір жерлерде халық саны күрт өсуде. Егер халық саны өсіп келе жатса, онда көп мөлшерде ауыз су ғана емес, сонымен қатар, көп тамақ та қажет болары мәлім. Ал, өз кезегінде азық-түлік өндірісіне судың көп мөлшері жұмсалады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы суды өнеркәсіппен бөлісуге мәжбүр. Бірақ, қалалар мен өнеркәсіптік аудандар өскен сайын, ауыл шаруашылығы көбінесе әлсіз болып қалады.
Әлемде жыл сайын өзендерге 450 миллиард текше метрге дейін тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар төгіледі. Көптеген өзендер бүкіл ұзындығы бойынша ластанады.
Лас судың салдарынан адамзаттың үштен бір бөлігі аурулардан зардап шегеді және денсаулығы нашарлайды, ал, екінші бір бөлігі суға ағып кететін химиялық заттардан қауіптенеді, оның әсерін тек болашақта анықтауға болады. Су дағдарысы денсаулық жағдайының нашарлауына, таза тұщы судың жетіспеушілігі көптеген ауруларға және тіпті адам шетінеуіне әкеледі.
Суды үнемсіз пайдаланудың әрқашан ауыл шаруашылығы өндірісінің ұлғаюымен қатар жүретінін ескеру қажет. Суармалы жерлерде тиісті дренаждық жүйелер құрылғысының болмауы батпақтану мен жердің тұздануына және іс жүзінде өнімділіктің төмендеуіне әкеп соғады.
Өнеркәсіп суды аз пайдаланады, бірақ, келесі себептерге байланыс-
ты салдары одан да ауыр болуы мүмкін. Біріншіден, өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін суды пайдалану ешқандай мемлекеттік реттеу-ге жатпайды және бұл заңсыздыққа әкелуі мүмкін. Екіншіден, тазартылмаған өндірістік сарқынды сулардың төгілуі, жер үсті және жер асты суларының денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
Өндірістік сарқынды сулар көбінесе тазартылусыз ағызылуда. Олар тікелей ластаушы өзендер мен басқа ағындарға төгілуде, кейде теңіз ортасына немесе жер асты суларына да жіберіліп жатыр. Мұндай ағындардың зияны олардың көлеміне нақты сәйкес келмейді. Бұл жерде су жеткілікті ме, жоқ па, мәселе егер су бар болса, оның тиімсіз түрде пайдаланылуы, біркелкі бөлінбеуі болып отыр.
Сумен жабдықтау құбырларының тесіліп қалуына байланысты көптеген сулар далаға ағады. Есептеуге алынбаған судың көлемі 35 пайызға жетеді. Суды сатудың 65 пайыздан 85 пайызға өсуі экономикалық тиімділік коэффициентін бүгінгіге қарағанда 30 пайызға жақсартып отыр. Су ресурстарының сапасы нашарлауда. Тазаланбаған қалалық және өнеркәсіптік ағындармен ластанумен қатар, олар кен орындарынан және дренаждан қатты ластануға ұшырайды.
Сумен жабдықтауға қарағанда, қалалық кәріз жағдайы әлдеқайда нашар. Осы «қызметтерге» қол жеткізе алатындардың көпшілігі су құбырларын пайдаланады, алайда, бұл құрылғылар пайдаланушыларға қолайсыздықтар тудырмаса да, олар қоршаған ортаға қауіпті, өйткені, қалдықтар өңделмей шығарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының су ресурстарының негізін өзен ағындары құрайды. Климаттық жағдайларға байланысты судың 90 пайызы көктемгі қар суының еруі кезінде болады. Жер асты сулары мен олардың ағындары атмосфералық жауын-шашынның енуіне, өзен мен суармалы сулардың сүзілуіне байланысты қалыптасады.
Қазақстан Республикасында жер асты суларының айтарлықтай қоры бар. Қарқынды түрде су алу және шахталы суды ағызу арқылы жер асты суларын қарқынды пайдалану нәтижесінде жер асты суларының деңгейінің аймақтық төмендеуі, жер бетіндегі шөгінділердің дамуы байқалды. Жер асты суларының ресурстары антропогендік ластануға ұшырайды.
Ал, мұндайда біздің мақсатымыз халқымыз, экология үшін де неғұрлым судың тазалығын қамтамасыз етіп, судың да әсерімен болатын қоршаған ортаның ластану фактілеріне жол бермеу болса керек.

Марат ШЛЫМОВ,
Ақмола облыстық экология департаментінің
бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар