Дәрігер мерейі

Көкшетаудағы Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қасымжан Қалижанұлы Тәшметов Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен «Парасат» орденінің иегері атанды.

Қасымжан Қалижанұлы Тәшметов 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 2001 жылы Алматыдағы «Әділет» жоғары құқық мектебінің заң факультетін бітірген. Ол 1981 жылы еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысының Ленинград селосында санитарлық дәрігерден бастап, Ақмола облысының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері лауазымына дейін көтерілді. 2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы ҚР Президентінің істерін басқару медициналық орталығында емдеу-санаторлық көмек көрсетуді ұйымдастыру басқармасының басшысы болды. 2009-2015 жылдар аралығында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды. Қазіргі уақытта Қ.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметінде.
Ол ҚР Тәуелсіздігіне 10 және 20 жыл мерекелік медальдерімен, ҚР «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Алтын Дәрігер» төсбелгілерімен марапатталған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Қ.Тәшметов «Эпидемиология», «Денсаулық құпиялары» кітаптары мен 120 шақты ғылыми мақалалардың авторы. Ол басқарып отырған Қ.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансері еліміздегі жағдайға байланысты осы күні COVID-19 індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар