Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Деңгейі жоғарылаған - АРҚА АЖАРЫ

Деңгейі жоғарылаған

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде облыстық бюджеттің ашықтығы сарапталған республикалық зерттеу нәтижелері жария етілді.

Айта кетейік, «Экономикалық және құқықтық реформаларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттердің ашықтығы мен жариялылық деңгейін анықтау мақсатында республикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған болатын. Ол  еліміздің он төрт облысы мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды.  
Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры Сергей Худяков қатысушылар назарына аталмыш зерттеулер жайлы бірқатар ақпаратты келтіріп өтті. Оның айтуынша, 2013 жылы Ақмола облысының бюджеті жариялылық деңгейі жөнінен 29,5 пайызды көрсетсе, биыл бұл меже 43,8 пайызға дейін көтеріліп, зерттеу қорытындылары бойынша біздің өңір Шығыс Қазақстан облысынан кейін үшінші орынға тұрақтаған. Дегенмен, дөңгелек үстел мәжілісінде мемлекеттік органдар мен депутаттарға бюджеттің жариялылығын әлі де болса,  жақсарта түсу жағы баса атап көрсетілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар