Тақтайдай тегіс жолдар көбейсе…

2019 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарлама Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Өскемен қалаларын дамыта отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру арқылы Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құруға бағытталған. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласын өңірлермен «сәулелік қағидат» бойынша байланыс-тыратын автожолдардың өңіраралық желісі құрылуда. Бұл бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ақмола облысы аумағында мынадай жобалар жүзеге асырылды: Аршалы ауданы арқылы өтетін Орталық-Оңтүстік Нұр-Сұлтан-Қарағанды-Балқаш-Алматы автокөлік жолы пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 76 шақырымды құрайды. Бұл жолдың 61 шақырымына цемент-бетон жамылғысы, 15 шақырымына асфальт-бетон жамылғысы төселді. Автокөлік жол учаскесі «І-А» техникалық санатына ауыстырылып, қайта жаңартылды. Учаскеде екі деңгейде жеті көлік айрығы, бес көпір және мал өткелдері, 20 су өткізу құбыры мен 80 шақырым тосқауыл қоршауы салынды. Ерейментау ауданы арқылы өтетін Орталық-Шығыс Нұр-Сұлтан-Павлодар-Қалбатау-Өскемен автокөлік жолы пайдалануға берілді. 184 шақырым жолдың 144 шақырымына цемент-бетон жамылғысы, қырық шақырымына асфальт-бетон жамылғысы төселді. Автокөлік жолының учаскесі «І-А» техникалық санатына ауыстырылып, қайта жаңартылды. Учаскеде екі деңгейде тоғыз көлік айрығы, 27 көпір мен мал өткелдері және 132 су өткізгіш құбырлар салынды.
Нұр-Сұлтан-Петропавл, Көкшетау қаласына кіреберіс автокөлік жолдары Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандарын басып өтеді. Бұл жолдың 4,5 шақырымына асфальт-бетон жамылғысы төселген. Автокөлік жол учаскесі «І-Б» техникалық санатына ауыстырылып, қайта жаңартылды. Учас-кеде екі бағдаршам нысаны және үш су өткізу құбыры салынды. Ұзындығы 80 шақырымды құрайтын Щучинск-Зеренді автокөлік жолы қайта жаңартылды. Бұл жобаны «Қазақдорстрой» серіктестігі 2017-2019 жылдары жүзеге асырды. Мұнда 63 су өткізу құбыры, екі демалыс алаңы салынды, он автобус павильоны, 15 шақырым қар тоқтату дуалы және 14 шақырым тосқауыл қоршауы, Зеренді кентінде бағдаршам қиылысы және М.Ғабдуллин, Серафимовка және Зеренді селоларына жарық орнатылды.
2020 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Қазақдорстрой» серіктестігі Көкшетау қаласы арқылы өтетін 282-289 шақырым аралығындағы учаскеде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Нысан 2020 жылдың қазанында пайдалануға беріледі. Техникалық қадағалауды «Жол Консалтинг» серіктестігі, авторлық қадағалауды «ИнженерДорПроект» серіктестігінің жобалау ұйымы жүргізуде. Жобада учаскені төрт жолақты қозғалысы бар «ІБ» техникалық санатқа ауыстыру, он су өткізгіш құбырларды орнату, 6,5 шақырымға жарық орнату, 13,7 шақырымға тосқауыл қоршауын орнату, үш шақырымға қар тоқтату қоршауын орнату, 69 жол белгілерін орнату жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар қызу қарқын алған. Жер, жамылғының қосымша қабаты және жол негізінің төменгі қабаты төселген. Жылдық жоспар 6,5 шақырым болса, қара қиыршықтас негізінің жоғары қабатының 4,5 шақырымы төселді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс аумағында ұзындығы 354 шақырым «Орталық-Батыс» дәлізінің жол учаскелері қайта жаңартылады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы жақын арада дайын болады. Автокөлік жолының 3 учаскесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. Бұл күре жол облыстың біршама аудандарын басып өтетін болады.
Ақмола облысында жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы
5 мың 626 шақырымды құрайды. Оның 2661 шақырымы облыстық, 2965 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар. Ақмола облысының жолдарында 191 көпір, су өткізетін нысанның 3233 құбыры бар. Бюджеттен бөлінген қаржы аясында 687,6 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар мен көшедегі жол жүйесін жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, күрделі және орташа жөндеу аясында жүзден астам су өткізетін құбырды жөндеу, 500 жол белгісі мен 400 сигналдық бағанды орнату жоспарланған. Өткен жылы 428,8 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар жөнделді. Жоспарлық көрсеткіште облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 78 пайыз.
Серік КЕРІМҚҰЛОВ,
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар