Екі күн ішінде полицейлер Ақмола облысында 800-ден астам жол ережесінің бұзушылығын анықтады.
Ақмола облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің және жол қозғалысының барлық қатысушыларының көлік тәртібін арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың екі күні аралығында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқаруға байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, қарсы жүріп-тұру, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелеріне ерекше назар аударады.
Алдын алу іс-шарасының екі күні ішінде полиция қызметкерлері 885 жол қозғалысы ережесінің бұзушылығын анықтады. Қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 99-дан астам жүргізуші, көлік құралын мас күйінде жүргізген 15 жүргізуші, басқару құқығы жоқ көлік құралын басқарғаны үшін 108, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтағаны үшін 4, маневр жасау ережесін бұзғандары үшін 29 және белгіленген жылдамдықты арттырғаны үшін 103 жүргізуші ұсталды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары белгіленбеген жерден жолды өткен 103 жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартып, жол қозғалысы ережелерін «өрескел» бұзудың жолын кесті.
Осыған байланысты, жергілікті полиция қызметі барлық ақмолалықтар мен қала қонақтарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолда заңға бағынушылық танытуға, жылдамдық режимін сақтауға және міндетті түрде өздерінің және барлық жолаушыларының қауіпсіздік белдіктерін тағып жүруге шақырады.
Альмира МАНАТОВА.