Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егіс алқаптарын сақтандыру шарттары жасалуда - АРҚА АЖАРЫ

Егіс алқаптарын сақтандыру шарттары жасалуда

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры («ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы) агроөнеркәсіп кешені саласындағы сақтандырудың операторы ретінде осы бағытта қызмет көрсету жұмыстарын жалғастыруда.

Топырақтағы ылғалдың артық болуынан сақтандыру шарттарын 2020 жылдың 1 тамызына дейін жасау қажет. Шарт жасасу «Qoldau.kz» сайтындағы «Agroinsurance» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Егіс алқабын сақтандыру кезеңі 2020 жылдың 15 тамызынан 15 қазанына дейінгі аралықты қамтиды. Топырақ ылғалының артық болу индексі бойынша сақтандыру шарттарын жасайтын фермерлер мемлекеттік қолдауға ие болады. Яғни, сақтандыру сыйақысының 50 пайызын мемлекет субсидиялайды. Осылайша сақтандыру құны төмендейді.
Сақтандыруға бидай, арпа, сұлы, жүгері тәрізді дәнді және бұршақты дақылдар, сондай-ақ, күнбағыс, рапс, зығыр тәрізді майлы дақылдар жатады. Осы тұста айта кету керек, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының фермерлері егіс алқаптарын сақтандыра алады. «Qoldau.kz» сайтындағы жеке кабинетте фермер өзінің егіс алқабын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтап, келісім-шарт жасауы тиіс. Одан кейін сақтандыру сыйақысын төлейді. Сақтандыру компаниясы өз кезегінде, субсидияға өтінім жолдайды. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама келеді және электронды цифрлық қолтаңба арқылы төлем туралы өтінішке қол қояды. Бұл жерде ол төленетін соманы көре алады. Осыдан кейін фермердің шотына сақтандыру төлемдері аударылады.
–Топырақ ылғалының артық болуын сақтандыру – бұл тәуекел деңгейі орташа сақтандыру болып есептеледі. Қазақстанның дәнді және бұршақты дақылдар егетін негізгі өңірлерінде бұл кезеңде жауын-шашын ұзаққа созылып, жауын мөлшерден екі есеге артық жауады. Бұл топырақтағы ылғалдың шамадан тыс артық болуына әкеп соғады және егінге зиян. Сақтандырудың бұл түрі фермердің шығынға батып қалмауынан қорғайды. Ең жоғары сақтандыру төлемі сақтандыру құнының 20 пайызына дейін жетеді»,– дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Асқар Қалиев.
Мәселен, фермер 1000 гектар егіс алқабын сақтандырса, бір гектарға шығын нормасы 30 мың теңге болады. Яғни, сақтандыру шартын жасаса, сақтандыру сыйақысы 729 мың теңгені құрайды (1000 га * 30000 тг * 2,43 пайызы сақтандыру тарифі). Оның 364 500 теңгесін мемлекет субсидиялайды. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде фермер 6 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемін алады (1000*30000*20 пайыз). Бұл сақтандыру құнының ең жоғары 20 пайыз мөлшеріне сәйкес келеді.
Айта кету керек, биыл маусым айынан бері агроөнеркәсіп кешенінде ерікті сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастады. Сақтандыру өнімдері топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артық болуына негізделген тәуекелдерді қамтиды. Топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігіне байланысты жасалған шарттарға сәйкес 57 фермер мемлекеттік қолдауға ие болды. Олар жалпы сомасы 82 миллион теңге болатын сақтандыру сыйақы субсидиясына қол жеткізді. Жасалған шарттарда көзделген сақтандыру жағдайларының нәтижесінде сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы 384 миллион теңгені құрады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»
акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар