Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақы ұстаным - АРҚА АЖАРЫ

Қазақы ұстаным

 

Ояншы елім, жиылсын есің.
                          Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Жақсысын хан көтерген.
Нарқын білген,
Ей, халқым, төмен еді салтың кімнен?!.
Кешегі бабалардан қалған жолды,
Мирас қып, жарқыраттың алтын нұрмен.

Осы жол – ескі жол да, қасқа жол да,
Түсем деп адаспаңдар басқа жолға.
Бүгінгі Елбасы айтқан «Мәңгілік ел»,
Бабаңның ұраны еді бастағы ол да.

Балқытып сөзге алмастай қозға салған,
Керегін оқ жұмсамай көздесе алған.
Салтындай қазағымның салт бар ма екен,
Тентегін түрмесіз-ақ тезге салған.

Қорғаған  ар-намыспен  үй, малын да,
Сақтаған сол ар-намыс иманын да.
Кешегі абыз бабаң кешкен азап,
Кім үшін болғандығын миладың ба?

Тарихты талдамайсың неге бастан,
Несі бар басқа жұрттың сенен асқан.
Өзінше көп білем деп жүргендер көп,
Көргені алыс болмай жеген астан.

Біріңді біріңе сап шабыстырған,
Жауың көп жамандығын жабыстырған.
Дертіңе ем іздейтін кез болды ғой,
Абайды мыңмен жалғыз алыстырған.
Күрескен жалмауызбен жалаңдаған,
Шерленіп соны ойлаған Науан бабаң.
Алаңдап ұрпағына көз жұмыпты,
Жер қалмай жүрегінде таланбаған.

Салты бар, дәстүрі бар тұғырланған,
Иманды ел болғанбыз бұрындардан.
Арапқа ұқсау үшін емес, қазақ,
Аллаға ұнау үшін мүмин болған.

Құдайберлі МЫРЗАБЕК,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын.

 

 

Мәңгілік ел

 

 

Тыңда ғалам, тыңда кәне, халайық,
Қазағымнан кеткен емес бақ тайып.
Бабалардан  ұрпағына жалғасқан,
Несібесі ортаймаған азайып.

Есігімнен кірсін бақыт  жол ашып,
Жер жаһанға  жар салайық жыр шашып.
Ұлы тойым одан әрі жалғасып,
Ән менен күй, шалқи берсін қыр асып.
Әр адамның тілегі бұл  бостандық.
Тас түйініп, сұм соғысқа аттандық.
Құрыш жүрек ұл мен қыздың ерлігі,
Жеңдік жауды. Теңдік алдық. Шаттандық.

Көп  ұлттарға болдық пана, кең қолтық,
Міне, бүгін егеменді ел болдық.
Шартарапқа әйгіленіп, қазағым,
Бірлігі ортақ  біз Мәңгілік ел болдық!
  Мұрат БӨКІҰЛЫ,
зейнеткер ұстаз.

 

Ақадыр ауылы,
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар