Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтардан абай болыңыздар! - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтардан абай болыңыздар!

Ақмолалық полицейлер азаматтарға банк карточкаларына қатысты алаяқтық фактілері кездесіп жатқандығы туралы ескертеді. Өткен демалыс күндері облыс полициясына алаяқтық фактілері бойынша екі өтініш келіп түсті. Қаскүнемдер ақмолалықтардың жеке жинақтары мен депозиттерінен ірі ақша сомаларын шешіп алған.

Қазіргі таңда банк карталарын пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді. Көптеген азаматтар ақшаны сақтаудың және төлем жасаудың бұл әдісін сенімді, ыңғайлы және қауіпсіз деп санайды. Өйткені, кішкентай пластикалық карта әрқашан өзіңізбен бірге және әдетте олар құпия сөздермен және ПИН-кодпен қорғалған. Алайда, банк карталарын қолданудың танымалдылығының өсуі аясында клиенттердің шоттарынан ақша ұрлауға байланысты алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болуда.
Мысалы, ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Степногорск қаласының полиция басқармасына Бестөбе ауылының тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, 8 шілде күні белгісіз біреулер алдау жолымен оның банк картасынан 350 000 теңгеден астам ақша
аударып алған.
Аталған факт бойынша полиция Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта күдіктілерді іздеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Алаяқтық туралы тағы бір өтініш Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 шілдеде келіп түсті.
Облыс орталығының тұрғыны полицейлерге қаскүнемдер интернет-бағдарлама арқылы банктердің бірінде ашылған депозитінен 900 000 теңге көлемінде ақша қаражатын шешіп алғанын айтты.
Бұдан кейін де бүгінгі күні полицияға тағы бір жәбірленуші осындай арызбен жүгінген. Көкшетау қаласының полицейлерінің айтуынша, екі жағдайда да алаяқтар бірдей сұлба бойынша әрекет еткен: олар өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болып таныстырып, қала тұрғындарында депозиттің бар-жоғын нақтылайды, сондай-ақ, әңгімелесу барысында олардың шоттарынан ақша қаражатын алғысы келетінін айтады және жәбірленушілерді жинақ ақшаларын депозиттен картаға аударуға көндіреді.
Әдетте, қаскүнемдер қаржы мен ақша аударымдарын басқаруға мүмкіндік беретін әртүрлі интернет-бағдарламалар мен жүйелерді қолдана алады, бұл «дағдылар» басқа адамдардың жинақтарын алу кезінде қолданылады.
Қазіргі уақытта Көкшетау полицейлері телефон қоңырауларын республиканың басқа өңірлерінің тұрғындары жүзеге асырғанын анықтады. Тәртіп сақшылары азаматтардан қырағы болуды және ешқандай жағдайда өз карталары мен шоттарының деректерін үшінші біреулерге хабарламауды, карта туралы ақпаратпен СМС-хабарлама жібермеуді сұрайды.
Мұндай қоңырауларды алған кезде полицейлер азаматтарға банктің қолдау қызметіне хабарласып, қажетті ақпаратты нақтылауды ұсынады.
Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар