Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алимент өндіріп алу тәртібіне жаңа өзгертулер енгізілгенін хабарлады.
Ендігі орайда, жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдау мерзімін соза алмайды. Бұл Заң 2020 жылдың 8 шілдесінде күшіне енді.
Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері алимент төлемейтіндердің орналасқан жерін анықтауды жалғастыруда, өйткені, екінші тараптың қолдауынсыз бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың өтініштері полицияға жүйелі түрде келіп түседі.
Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Көкшетау қалалық полиция бөліміне бұрынғы жұбайы 2017 жылдың мамыр айынан бастап кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны және ортақ баланы асырау үшін алимент төлемейтіні туралы өтінішпен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүгінді.
Тәртіп сақшылары алимент төлемеген адамның нақты тұратын мекен-жайын анықтады. Ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған ер адамның уақытша жұмыс істемейтіні белгілі болды. Полиция қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып отырған борышкермен профилактикалық әңгіме өткізіп, ата-анасының одан бөлек тұратын бала алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындаудан үш айдан астам жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес жаза қарастырылғанын түсіндірді.
Айта кету керек, алимент бойынша үш айдан астам қарыз болған жағдайда қосымша мәжбүрлеу шаралары борышкерге Қазақстан Республикасының шекарасынан шығуға уақытша шектеу, сондай-ақ, лицензиялар, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды, мысалы, автомобиль көлігін жүргізу құқығын беру және қолдану саласында уақытша шектеу қою түрінде белгіленуі мүмкін.
Анар КАМАЛИЕВА.