Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыз су мәселесі қолға алынып, жолдар жаңартылуда - АРҚА АЖАРЫ

Ауыз су мәселесі қолға алынып, жолдар жаңартылуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рашид Әкімов пен Дәурен Әділбеков жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, күзгі егін орағына дайындық жұмыстарымен танысты және халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне назар аударды.

Сенаторлар алдымен, Бұланды ауданындағы Капитоновка ауылының өңірімізге жақсы танымал «Журавлевка-1» серіктестігінде аудан әкімі Талғат Ерсейітовпен бірге дәнді, бұршақ, майлы әрі жемшөп дақылдары және көкөністер өндірумен айналысатын ірі ауыл шаруашылығының жұмысымен танысты.
Жаздың соңғы айы да аяқтауға таяп, фермерлер үшін аса маңызды егін жинау науқаны басталмақшы. Осыған орай, сенаторлар егін жинау техникаларының науқанға дайындығы мен агротехникалық іс-шаралардың қаншалықты сапалы атқарылып жатқандығы туралы серіктестік басшысының міндетін атқарушы Темірболат Андаровпен кездесіп, алқап басында әңгімелесті.
Биылғы көктемгі егістің жалпы көлемі 58,9 мың гектарды құрайды. Органикалық және минералды тыңайтқыштар белгіленген мерзімде аранйы технология бойынша қатаң қолданылады. Серіктестікте өндірістік жұмыстарды толықтай механикаландыруға және ең жақсы жұмыс нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи технологиямен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді. Ауыл шаруашылығындағы басқарудың үлгілі әдістері өз жемісін беруде, ауыл тұрғындарының өмірі жылдан-жылға жақсарып келеді.
Капитоновтықтар үшін сапалы ауыз су мәселесі соңғы кезге дейін ең өзекті болған және бұл ешқашан шешілмейтін мәселе сияқты көрінген еді. Шынтуайтына келсек, ауыл тұрғындары бір кездері үміттерінің ақталатынына сенбеген. Өйткені, бұл мәселені шешу бірнеше жылдарға кейінге қалдырылып, сумен жабдықтау жүйесін салуға миллиондаған қаражат бюджеттен бөлінбеген. Осылайша 2020 жыл маңызды жыл болды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында су құбырын салу бойынша көптен күткен жұмыс басталды. Бүгінгі таңда бөлінген 554 269,1 мың теңге қаражаттың жартысынан көбін жобаның бас мердігері «Көкшетаугидрогеология» АҚ игеріп те үлгерді.
Одан әрі сенаторлардың сапары Ақкөл ауданының Урюпинка ауылында жалғасты. Халық қалаулылары ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болған көше жарығын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Өз кезінде ауылдық округтің әкімі Айдос Досмұхамбетов сенаторларға бүгінде ұзындығы 3 шақырым болатын 128 тірек орнатылғанын жеткізді. Сондай-ақ, сенаторлар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында
ауылда ағымдағы жылы жөндеуден өткізілген клубтың терезелері ауыстырылып, жылу жүйесі жөнделгенінің куәсі болды. Одан әрі сенаторлар аудан орталығына баратын жолмен «Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минск» облыстық деңгейдегі жолдың жөндеу жұмысымен танысты.
– Қазіргі уақытта ұзындығы 28 шақырымға асфальт-бетон төселген. 20 шақырымдық жол учаскесі жобасы бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталды және жол жиегін жөндеу мен жол белгілерін орнату жұмыстары жалғасуда», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Михаил Ворсин.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бұланды, Ақкөл аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар