Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқытуға барлық жағдай жасалады

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, облыста жаңа оқу жылына жүргізіліп жатқан дайындық шаралары, соның ішінде мектептерде қашықтықтан оқыту мәселесін жан-жақты шешу бағытындағы қолға алынып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндап, айтып берді.

– Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде де жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда. Пандемия барлық салаларға, соның ішінде білім саласына айтарлықтай өзгеріс әкелді, – дей келе, облыс әкімі өткен оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтықтан оқыту режимінде өткенін, бұл өз кезегінде еліміздің білім жүйесінде оқытудың жаңа форматы екенін, балаларды қашықтықтан оқыту бір жағынан цифрлық технологиялардың дамуына серпін беріп,  балаларды өз бетінше білім алуға машықтандырса, екінші жағынан республикадағы мектептердің компьютерлермен және интернетпен дұрыс жабдықталмағанын нақты көрсетіп бергенін айтты.– Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде де жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда. Пандемия барлық салаларға, соның ішінде білім саласына айтарлықтай өзгеріс әкелді, – дей келе, облыс әкімі өткен оқу жылының төртінші тоқсаны қашықтықтан оқыту режимінде өткенін, бұл өз кезегінде еліміздің білім жүйесінде оқытудың жаңа форматы екенін, балаларды қашықтықтан оқыту бір жағынан цифрлық технологиялардың дамуына серпін беріп,  балаларды өз бетінше білім алуға машықтандырса, екінші жағынан республикадағы мектептердің компьютерлермен және интернетпен дұрыс жабдықталмағанын нақты көрсетіп бергенін айтты.Өткен оқу жылының соңғы тоқсанында жинақталған тәжірибені саралай келе, облыста жаңа оқу жылына дайындық, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру шаралары жоспарлы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында облыс мектептері 132 мыңнан астам оқушыға есігін ашады, оның шамамен 15 мыңы бірінші сынып оқушылары. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 555 мектептің ішінде шалғайда орналасқан, әрі оқушы саны аз 248 мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде бастайды. Қалған 307 мектеп қашықтықтан оқытады. –Бұдан бөлек, қашықтықтан оқытатын мектептерде ата-аналардың өтініші бойынша көп дегенде 15 балаға арналған кезекші сыныптар жұмыс істейді. Алдын ала есеп бойынша облыс мектептерінде сондай 3 мың кезекші сынып болады деп болжануда. Оларда 45 мың оқушы білім алады. Әрине, бүгінгі таңдағы басты мәселе – әр оқушыға білім беру үшін қажетті жағдай жасау. Қашықтықтан оқыту кезеңінде компьютерлік техникасы жоқ оқушыларға мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілетін болады, – деді Ермек Маржықпаев.Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде мектептерде 16 мың компьютерлік техника бар. Оның 1,5 мыңы биыл сатып алынған. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін тағы 300 компьютер сатып алу жоспарлануда. Осы ретте, Ермек Маржықпаев компьютерлермен ең алдымен әлеуметтік  әлжуаз санатқа жататын отбасылардың балаларын қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Бұл мақсатта Үкімет резерві қаражатына 23 мың компьютерлік техника сатып алынбақшы. Сондай-ақ, компьютерлік техникасы жоқ ұстаздарға білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы есебінен ноутбуктер сатып алынып, пайдалануға беріледі. Брифинг барысында облыс әкімі өңірімізде оқушылар мен ұстаздарды интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде облыстың жалпы білім беретін барлық мектептері кең жолақты жылдамдықты интернетке қосылған. 300 мектептегі интернеттің жылдамдығы секундына 4-тен 8 Мбит-ті құрайды. 252 мектепте интернеттің жылдамдығы секундына 8 Мбит-тен жоғары. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп, тағы 35 мектепте интернет жылдамдығын секундына 8 Мбит-ке арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Осы ретте, облыс әкімі қашықтықтан оқыту кезінде үй жағдайында білім алатын оқушыларда тұрақты интернет болуы маңызды екенін айтты. Себебі, 132 мың оқушының 124400-інің немесе 94 пайызының интернетке үй жағдайында қосылуға мүмкіндігі бар. Ал, 7800 оқушыда үйде интернет жоқ. Осы мәселені шешу үшін оқушыларға қашықтықтан оқыту кезінде пайдалануға ұялы байланыс операторларының мобильді интернеті бар   Wi-Fi роутерлер, флеш-карталар беріледі. Сонымен қатар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мобильді оператор өкілдерімен оқушылар мен педагогтар үшін айына 990 теңгенің «Білім» жеңілдетілген тарифын іске қосу бойынша келіссөздер жүргізуде. Аталған тарифтік жоспар оқушылар мен ұстаздарға ұялы телефон арқылы бір-бірінешексізқоңырау шалуға, Білім және ғылым министрлігімен бекітілген білім интернет ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыстың барлық мектептері «Bilimland» білім беру платформасын (Ақкөл қаласында сервер орнату жоспарлануда) және «Kundelik» ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алады. Бұл интернет-ресурстарда оқу процесіне қатысушылардың бір-бірімен және оқушының мұғаліммен кері байланысқа шығуына мүмкіндік бар. Онлайн сабақтар өткізу, оқу сабақтарын сақтау және жазып алу, сондай-ақ, аралас оқытуға жағдай жасалған. Одан басқа, Әл-Фараби республикалық телеарнасында қазақ тілінде және Еларнада орыс тілінде телесабақтардың трансляциясын қосымша пайдалануға болады.–Штаттық режимде оқытылатын бастауыш сыныптар мен шағын жинақты мектептер дезинфекциялық құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дайындық ретінде мектептердің жаппай оқу қорының қаржысы  есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құралдарын, киім-кешек, аяқ киім сатып алуға көмек көрсетілуде. Үстіміздегі жылы облыстағы әлеуметтік жағдайы төмен  отбасыларындағы 17 мың баланы қолдау мақсатына  300 миллион теңге бағытталады, – деген облыс әкімі жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын табатынын айтты. Педагогтардың IT-құзыреттілігін арттыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Өңірде 10 мен 15 тамыз аралығында «Қашықтықтан оқытуды үйрен» онлайн курсы жүріп жатыр. Облыс әкімі өз сөзінде оқулықтарды білім беру ұйымдарына жеткізу бекітілген кесте бойынша 20 тамызға дейін аяқталатынын мәлімдеді. Бұл мақсатқа шамамен 1 миллиард теңге қаржы бөлінген.  10 тамызға дейінгі жағдай бойынша оқулықтарды жеткізу 50 пайызға орындалған. Облыста эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мектептердің құрылысы тоқтаған жоқ. Бүгінде облыста үш ауысыммен оқытатын 12 мектеп бар. 1 қыркүйекке дейін Целиноград ауданында 1500 орынға арналған екі жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін аталған ауданда 420 орындық тағы екі мектеп оқушыларға есігін ашпақшы.  Көкшетау қаласында да бірқатар мектептердің жанынан салынып жатқан қосымша оқу ғимараттарының құрылысы биыл аяқталады.  Осының барлығы мектептердегі үш ауысыммен оқыту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі мектепті қайта жаңарту жұмыстары аяқталады. Биыл жаңа мектептердің салынуымен қатар, мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстағы 114 мектеп жөндеуден өткізілуде.  Брифинг соңында Ермек Маржықпаев білім және тәрбие ошақтарының бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталуы мәселесіне, колледждердің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде де  тоқталды. Биыл «Жалпыға ортақ тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында бюджет қаражаты есебінен 32 колледжге шамамен 6 мың білім алушы қабылданады деп жоспарлануда. Шалғайдағы 8 шағын жинақты, яғни, бір мың білім алушысы бар колледждер  штаттық режимде оқытады. Барлық колледждер қашықтықтан жұмыс істеуге дайын. Жеке компьютерлік техникасы жоқ студенттер мен оқытушыларға колледждің компьютерлері уақытша пайдалануға беріледі.Брифингте айтылған тағы бір мәселе, мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтар жұмыс істеуде. Бүгінде  89 мектепке дейінгі мекемеде 244 кезекші топ ашылған. Қосымша білім беру ұйымдары да әзірше қашықтықтан жұмыс істеуді жалғастырады. Алайда, ата-ананың өтініші бойынша дәстүрлі режимде оқытуға рұқсат етіледі. Тек, топтағы бала саны бесеуден аспауы тиіс. Облыс әкімі қашықтықтан оқыту кезінде балаларға және ата-аналарға арнайы білім беру ұйымдарында онлайн кеңестер берілетінін айтты. Жалпы, облыста жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.   Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар