Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылыс жұмысы қызған жаз - АРҚА АЖАРЫ

Құрылыс жұмысы қызған жаз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз турына қатысқан БАҚ өкілдері облыс орталығында «Қазақстан-Ресей» аймақаралық формуына дайындық шеңберінде салынып жатқан нысандардың құрылысымен танысты.

Облыс орталығы Көкшетау қаласының келбеті күннен-күнге көркейіп келеді. Қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы, көшелер мен аулалардағы жөндеу жұмыстары көз сүйсіндіреді. Қаланың орталығындағы Осипенко көшесінің бойында жаңартылып жатқан сквер осы сөзіміздің айғағы іспеттес. Мұндағы жөндеу жұмыстарын «Колорит Строй» серіктестігі қолға алған. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 58 миллион қаржы бөлінген. Мердігер компанияның атқарушы директоры Ақынбек Құсайыновтың айтуынша, бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 60 пайызы орындалған. Қазан айында тұрғындар жаңарған скверде дем алатын болады.
– Құрылыс жұмыстарын күзде аяқтаймыз деп отырмыз. Техникалық мәселелерге байланысты жұмыс екі айға тоқтап қалды. Қазіргі кезде техникалық және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сквердегі ескерткіш жаңартылып, екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы салынды, орта тұсында гүлзарлар мен әр түрлі шағын сәулет ескерткіштерін орнату жоспарланған. Сондай-ақ, кесілген ескі теректердің орнына жас ағаштарды отырғызу қарастырылуда, – дейді Ақынбек Құсайынов.
Сонымен бірге, биылғы жылдың күзіне жоспарланып отырған «Қазақстан-Ресей» аймақаралық формуына дайындық шеңберінде Қопа көлінің жағажайын абаттандыру мен «Болашақ» сарайының құрылысы қызу жүргізілуде. Алдыңғы жұмыстың қазір 85 пайы-
зы орындалған. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгенің шамасында. Жалпы, ұзындығы бір жарым шақырым жағажай құрылысына екі жүздей адам тартылған. Оның жүзі жұмысты ширату үшін қосымша тартылған жұмысшылар.
Ал, «Болашақ» сарайына келетін болсақ, екі блоктан тұратын ғимараттың қабырғалары тұрғызылып, ішкі және сыртқа монтаждау жұмыстары жүргізілуде. «Болашақ» сарайы жобасының жетекшісі Жомарт Қарсақбаевтың айтуынша, жобаның бас мердігері – «BI Global» компаниясы. Бүгінде құрылыс алаңында 300-ге жуық құрылысшы күні-түні жұмыс істеуде.
Баспасөз туры барысында журналистер Солтүстік өндіріс аумағында орталық жылу қазандығынан шығатын жылу құбырларын ауыстыру, №6 қалалық орта мектебіне жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс жұмыстарының да жай-жапсарымен танысты. Білім ошағында 300 орынға шақталған қосымша ғимараттың салынуы қаладағы үш ауысыммен оқу мәселесін шешуге септігі тиері анық. Бұл үшін бюджеттен 716 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Осы жерде журналистермен тілдескен Көкшетау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Айнұр Мусина облыс орталығында төрт мектепке осындай қосымша ғимарат салынып жатқанын атап өтті.
Бұдан әрі баспасөз турына қатысушылар облыс орталығындағы ірі өндіріс ошақтары – «Көкшетау сүт зауыты» және «Енки» серіктестіктерінің зауыттарында болып, өндірістегі жаңалықтарға қанықты. Осы орайда, сүт зауытында қазан айында жаңа цехты іске қосу жоспарланған. Бұл – өнім түрі мен көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар