Егіндікөлдің ырысы

Егіндікөлдік шаруалар астық жинаудың соңғы кезеңіне ойысты. Биылғы жылы егін жинау науқанына 36 серіктестік пен 208 шаруа қожалығы қатысуда.

Аудан бойынша диқандар 282,2 мың тонна астық бастырған. Ал, өткен жылдың осы кезеңінде тек 198 мың тонна астық жиналған екен. Қазіргі таңда гектарына 11 центнерден өнім алынуда. Соңғы ауа райының жақсы жағдайлары егін жинауды тездетуге ықпал етуде. «Ушаково Агро» және «Аскоп» серіктестіктерінде өнімділік орташа аудандық межеден асып, гек-тарына 12,5 және 13,9 центнерді құраған.
Осы жылы егіншілік шаруашылығының ең заманауи технологияларын қолдану, егін жинау науқанына уақтылы дайындық және аудан шаруашылықтарында машина-трактор паркінің жаңартылуы жақсы нәтижелерге кепіл болғанын атап өткен жөн.
Биылғы жылы күзгі егін жинау жұмыстарына 503 астық жинау комбайны тартылса, оның 359-ы жоғары өнімді әрі олардың көпшілігі отандық өндірісте шығарылған. Сондай-ақ, науқанға 271 трактор және астық тасымалдау үшін 236 КамАЗ жұмылдырылған. Олай болса, ырыздық мол болсын дейік.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар