Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әскери комиссариаттан басталады - АРҚА АЖАРЫ

Әскери комиссариаттан басталады

Кез-келген мемлекеттің әлеуеті оның қорғаныс қабілетінде екені ешкімге де жасырын емес. Осы ірі құрылымның бір бөлігі ретінде аудандық қорғаныс істері бөлімі де бұл бағытта біраз жұмыстар атқаруда.

«Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заңының 4-бабы: «Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес, қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды», − деп біздің жұмысымыздың негізгі бағытын айқындап берген.
Біз біріншіден, 18 бен 27 жас аралығындағы жастарды  екі шақырылым бойынша әскер қатарына Отан алдындағы борыштарын өтеуге аттандырып отырамыз. Осыған байланысты олардың әскерге барар алдындағы сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын  10 қаңтардан  28 наурызға, 10 шілдеден  28 қыркүйекке дейін  арнайы оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Елді мекендерге де шығып,  әскер міндеттілердің моральдық-психологиялық дайындық жағдайы мен басқа да ерекшеліктерін зерделейміз. Әрине, жасы келді екен деп, әркімді әскерге жібере салуға болмайды. Алдымен, ол дәрігерлік комиссиядан өтуі тиіс. Құқық қорғау органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тергеуде жүрген жастардың тізімдерін де аламыз. Осы тектес басқа да жұмыстар атқарылады. Соның бәрінен сүрінбей өткендері ғана әскер қатарына лайықты деп табылады.
Аудандық қорғаныс істері бөлімі өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында да арнайы шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мәселен, Отан қорғаушылар күні қарсаңында  орталық алаңда 9-11 сынып оқушылары арасында сап түзеп, патриоттық әндер шырқаудан байқау ұйымдастырылды. Жеңіс күні мерекесінде де салтанатты шеру ұйымдастырылып, мектеп түлектері сапта жүру үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, биыл Сандықтау орта мектебінің базасында өткізілген далалық жиынға 64 жоғары сынып оқушысы қатысты.   Онда  жеткіншектер үшін дене шынықтыру, сапта жүру, нысана көздеу, өрт қауіпсіздігі, инженерлік дайындық сабақтары өткізілді.  Жалпы, аудан  аумағындағы 14 орта мектеп пен  бір агротехникалық колледждің бәрінде де алғашқы әскери дайындық сабақтары жүргізілетінін айта  кеткен жөн.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жұмыстың жаңа жүйесіне көшуде. Ол–келісім-шарт бойынша әскерилерді жұмысқа қабылдау. Мұның өзі әскерімізге кәсіби білікті мамандардың қажеттілігінен туындап отыр. Бұл әсіресе, тұрақты жұмысы жоқ, өз-өзіне сенген жастарға ойлануға тұрарлық мәселе. Мұндай келісім-шартпен жұмыс істейтіндердің  жалақысы жақсы әрі бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған.  Қарулы күштер қатарын осындай қызметкерлермен толықтыру – уақыт талабы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бәріміз қазір ХХІ ғасырдағы қазақстандық әскеридің ұжымдық бет-бейнесін қалыптастырудамыз.  Патриотизм, интеллектуалды даму мен салауатты өмір салтын ұстану – оның негізгі айырым белгілеріне айналуы керек», − деп тегіннен-тегін айтпағаны анық. 2012 жылдың ақпанында әскерилердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалу тетіктерін айқындап берген «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң қабылданып, күшіне енді.  Соның нәтижесінде келісім-шартпен қызмет атқаруға құлықты жастар қатары көбейе бастағандығын айта кеткеніміз жөн. Біз де жуырда осындай екі азаматты жұмысқа қабылдадық.

Руслан ӘМІРЖАНОВ,
Сандықтау аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы, майор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар