Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүрек жылуын аянбайық - АРҚА АЖАРЫ

Жүрек жылуын аянбайық

Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы ардагерлер ұйымдарының, атқарушы органдардың басшыларына және кәсіпкерлерге ардагерлердің Орталық Кеңесінің ҮНДЕУІ

Қымбатты достар!
Ең жарқын және шын жүректен тойланатын мерекелердің бірі – 1 қазан – қарт адамдардың Халықаралық күні жақындап келеді, оны бүкіл прогресшіл адамзат атап өтеді.
Бұл аға ұрпақтың қаһармандығына зор алғысымызды білдіруге мүмкіндік туғызатын күн ғана емес, сонымен бірге оларға шынайы назар аударылатын да күн. Бұл аға ұрпақтың мұқтажына тағы да бір зер салуға жақсы себеп болатын күн. Тұрмысының жайлы болуына көмектесіп, нақты қолдау жасалатын күн. Бірақ, бұл біздің парызымыздың азғантай ғана бөлігі.
Егде жастағы азаматтар, ең алдымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері қоғам өмірінде айрықша рөл атқарады. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында қираған шаруашылықты қалпына келтіруге, жаңа өнеркәсіп орындарын салуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. Олар бізге көп нәрсені: жарқын болашаққа сенуді, тәртіптілік пен әділеттілікті бағалауды үйретті. Олардың ізгі жүрегінен біз қолдау көрсету мен түсіністікпен қарауды, сабырлылық пен сүйіспеншілікті, қажыр-қайрат пен шабытты көреміз, үйренеміз.
Қазақстанда қарт адамдардың проблемаларына назар аударылып келді және аударыла да береді, олардың материалдық жағдайын жақсарту, тұрмыс сапасын арттыру, қазіргі замандағы әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады. Бұл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық және оны мерекелеу кезінде айрықша көрініс тапты. Соңғы жылдары ардагерлер ұйымдарының бастамасымен елде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың айлығы өткізілуде, қазандағы мерекеге орайластырып ұйымдастырылатын ол ардагерлердің қоғамға сіңірген еңбегі мен беделін тану бойынша жаппай жалпыхалықтық қозғалыстың, сондай-ақ қарт адамдарға назар аудару мен жан-жақты көмек көрсетудің ажырамас бөлігіне айналды.
Өткен жылғы айлық барысында 17 мың қайырымдылық іс-шаралардың өткізілгенін, оған 800 мың адам немесе зейнеткерлердің 40 пайызының тартылғанын, ал есептелген тікелей материалдық көмектің 3 миллиард теңгені құрағанын айтсақ та жеткілікті болатын шығар.
Қарттық проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, қарт адамдардың ісіне әлеуметтік қатысуды қалыптастыру, ұрпақтардың ынтымағын нығайту мақсатында ел ардагерлерінің Орталық Кеңесі Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымдарының, атқарушы органдардың басшыларына, кәсіпкерлерге егде жастағы азаматтарға моральдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да қажетті көмек көрсету бойынша 2015 жылғы қазанда дәстүрлі айлық өткізуге өтініш жасап, үндеу жолдайды.
Күрделі экономикалық ахуалға байланысты биылғы айлықтың өзгеше жағдайда өтетінін көре білу керек. Сондықтан, осы күнге орайластырылған іс-шарада ардагерлер құрылымдары, әкімдіктер, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдары, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары, қарт адамдарға қолдау көрсету жөніндегі ұжымдар, кәсіпорындар, мекемелер өздерінің түзетілген, бірақ жолға қойылған бірлескен қызметін бірінші кезекте аз қамтамасыз етілген, жалғызбасты және ауру азаматтарға көрсетулері керек. Шектеулі ресурстар мен мүмкіндіктер ауадай қажет жерлерге бағытталуы тиіс. Әсіресе, қуаты азайған зейнеткерлерге күтім жасау, олардың баспанасын және аула аумағын жинау, қысқа отын дайындау жөніндегі әлеуметтік және волонтерлік көмекті күшейту маңызды.
Қарт адамдар үшін ардагерлер ұйымдары мен билік органдары тарапынан назар аударудың, жылы сөз айтудың, олардың сіңірген еңбектерін қоғамның мойындауының, әңгімелесу кезінде құрмет көрсетудің, сеніммен қараудың маңызы зор. Алдағы айлық барысында негізінен осыған баса назар аудару керек. Біз қарт адамдарға өткен жылдардағыдай көңіл бөлінетініне, оларға қолдау көрсетілетініне, ал олардың мемлекеттің нақты мүмкіндіктеріне түсіністікпен қарайтынына сенеміз.
Ардагерлердің Орталық Кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар