«Smart Aqmola» жобасы мәліметтермен жұмыс істейді

Ақмола облысында геоақпараттық портал жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Облыс әкімдігінің жанындағы «Smart Aqmola» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметі бойынша отандық бағдарламалық өнім – ол «Data Evolution» базасында жұмыс істейді.

Облысымыздың геоақпараттық порталы («Тұрғын үй қоры» модулі) көп көлемде геомәліметтерді және геоақпараттарды талдауға, өңдеп, сақтауға, сондай-ақ, халық санағы бойынша жұмыс істеуге арналған. Оны жасау жұмыстары 2018 жылы басталды. Жобаны жүзеге асыру барысында бірнеше көздерден цифрлық және жазбаша түрде мәліметтер жинастырылып, жүйелендірілді. Ресурстың мекен-жайы: https://gis.smartaqmola.kz.
– Нақтылы мәліметтерді алу үшін біз елді мекендердің әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларына өтінішпен жүгіндік. Негізгі жұмыстарды аудандық сәулет бөлімдерімен жүргіздік. Аудан орталықтары мен ауылдарда көбіне үйлердің реттік сандары мен көшелері қате көрсетілген. Біз бұл ақпараттарды жаңартып, облыстың барлық елді мекендері бойынша векторлық карта жасадық, – дейді геопортал құрастырушылары.
Мекенжайлық тізілімдегі мәліметтер қайтадан салыстырылды. Жергілікті атқарушы органдармен әріптестіктің арқасында картографиялық материал көкейкестендірілді. Әр түрлі мәліметтер конверттеу және қайта толықтыру арқылы бірыңғай форматқа жинастырылды, ғарыштық түсірілім мәліметтеріне сай елді мекендердің мекен-жайларына толықтырулар енгізіліп, картографиялық материалдар жаңартылған.
Мәліметтер базасында дұрыс көрсетілмеген кейбір елді мекендердің, көшелердің және үйлердің атауын өзгертуді есепке алу жұмыстарына көп уақыт кеткен. Келесі кезекте тұрғындардың аталмыш елді мекендерге тіркелуі тексеріліпті. Бұл мәліметтерді көкейкестендіру үшін жергілікті полиция қызметінің көмегі қажет болды. Геоақпараттық портал талдау кеңістігін автоматтандыруға, өңірдің елді мекендері бойынша мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдармен өзге де мәселелер шешілуде. Мысалы, төртінші деңгейдегі бюджетті қалыптастыру үшін жылжымайтын мүліктің құнын бағалау картасы, құрылыс санаты да қарастырылған. Ең бастысы, жобаның ақпараттық қауіпсіздігіне үлкен мән берілуде.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар