Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған жұмыстар ауқымы аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған жұмыстар ауқымы аз емес

Мемлекет басшысы өз Жолдауында бұл саладағы бәсекелестік өте күшті екенін, Орталық Азия өңірінде пайда болған баламалы жобалар Қазақстанның көлік әлеуетін төмендете алатынын, осы орайда, «Нұрлы жол» бағдарламасының екінші кезеңі еліміздің көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекемдеуге арналуы керектігін айтты.

Расында да, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі тың инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, жаңа мемлекеттер мен компанияларды тарту, қызмет көрсету сапасын жақсарту және транзиттік бағдарлардағы жылдамдықты арттыру есебінен өсуге тиіс. Президент алдымызға 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды, яғни, республикалық маңызы бар жолдардың бәрін қайта жөндеп, жол бойындағы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету міндетін қойды.
Ақмола облысындағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының ұзындығы 5 626 шақырымды, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар 2 661 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 2 965 шақырымды құрайды. Биылғы жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен, Үкімет резервінен 39,4 мил-
лиард теңге қарастырылды. Оның 11,6 миллиард теңгесі «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінді. Бұл қаржымен 687,6 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар және көше-жол жүйесі жөнделді. Сондай-ақ, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу аясында 100 су өткізетін құбыр жөнделді, 570 жол белгісі мен 434 дабыл қаққыш бағаналар орнатылды.
«2020 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың» кешенді жоспары аясында Целиноград ауданының Талапкер, Нұресіл, Қосшы елді мекендерінде көше-жол жүйесі салынды. Садовый селосының жолы қалпына келтірілді. Шортанды ауданының Ключи селосының кіре беріс жолы күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қараөткел, Қосшы, Талапкер елді мекендерінің кентішілік жолдары жөнделді. Зеленый гай селосының жолына және Қосшы кентіндегі бірқатар көшелердің жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. «Өңірді дамыту» бағдарламасы аясында Қосшы, Қоянды, Жібек жолы елді мекендерінің көшесіне жол жүйесі салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр мен Нұрлы көш ауыл-
дары көшелерінің жол жүйесі орташа жөндеуден өтті. Аршалы, Жалтыр, Астраханка, Бастау, Бурабай ауданындағы Қызылағаш, Зеренді ауданындағы Викторовка, Балкашин, Сандықтау, Шортанды елді мекендерінің көше жолдарына асфальт төселді. Облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында бірқатар құрылыс және жөндеу жұмысы жүргізілді. Мәселен, Зеренді ауданының Заречный селосы маңында Шағалалы өзенінің үстінен өтетін көпір салынуда. «Ерейментау-Павловка-Аршалы» бағытындағы автокөлік жолының 19 шақырымындағы шағын нысан қалпына келтірілді. «Ақсу-Бестөбе-Изобильный», «Атбасар-Қима», «Жақсы-Державинск», «Балкашин-Шаңтөбе», «Екатеринбург-Алматы», «Түрген-Константиновка-Белоярка», «Новый Колутон-Ақкөл-Минский»,
«Петровка-Каменка-Острогорка», «Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая», «Щучинск-Зеренді-Веденовка», «Бузулук-Алматинский» бағыттарындағы автокөлік жолдарының кейбір тұстарына орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Зеренді аудандарындағы елді мекендер көшелері жүйесінің жағдайы жақсарды.Мақсатты трансферт есебінен Көкшетау, Степногорск қалалары мен елді мекендер көшелерінің жол жүйесі, аудандық маңызы бар жолдар жөнделді, жол құрылысы жүргізілді. Мәселен, Көкшетау қаласында ескі аэропортқа және Сарыарқа шағын ауданына апаратын жол салынып, Қопа көлінің жағалауымен өтетін жол құрылысы басталды. Бірқатар шағын аудандар мен көшелердің жолы жөнделді. Сондай-ақ, Степногорск пен Щучинск қалаларының көше жолдары қалпына келтірілді. «Бурабай-Қатаркөл» автокөлік жолы күрделі жөндеуден, Атбасар, Макинск, Есіл қалаларының көше жолдары орташа жөндеуден өтті. «Шучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту» жоспары аясында Бурабай кентінің жол жүйесі қалпына келтірілуде. Сөйтіп, облыста көлік-логистика кешенін дамыту мәселесі біртіндеп шешіліп келеді.
Арсен ЖАНҒАСҚАНОВ,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар