Көмір бағасын арзандатуға болады

Ақмола облысының энергетика саласындағы жауапты қызметкерлер биыл көмірдің бағасы қатаң бақылауда болады деп сендіруде.

Өңір жылу маусымында шамамен 1,4 миллион тонна көмір жағады. Бүгінгі күнге дейін оның тең жартысы жеткізіліпті. Көмір сататын орындарда тапшылық жоқ. Өңірде мазутты пайдаланатын жылу қазандықтары бар. Өткен айда отынның бұл түрімен қамтамасыз етуде қиындықтар болған еді. Мазут 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауытынан тасымалданып жатыр. Биыл көмірдің құны жылдағыдай. Тіпті кейбір түрі арзандаған.
Ақмола облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының міндетін атқарушы Алмат Фазылдың айтуынша, көмірдің құнын әлі де төмендетуге болады. Ол үшін саладағы кәсіпкерлік нысандар жұмыс істеу тәртібін өзгерту керек. «Елімізде үш ірі көмір өндіруші жұмыс істейді. Олардың көмір нарығындағы үлесі 70 пайыздан асады. Мәселен, «Шұбаркөл-көмір» тасымалдаушысы 17 компанияға бір тоннасын 5 мың 819 теңгеден сатады. Ал, тұтынушы бір тоннасын 12 мың 500 теңгеден сатып алады. Егер сатушылар көмірді делдалсыз биржа арқылы тікелей өндірушіден сатып алса, баға әлдеқайда арзан болар еді»,–дейді Алмат Фазыл бізбен әңгімесінде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар