Қыс қатты аяз, боран және бұрқасын, дауыл, көктайғақ сияқты қауіпті құбылыстармен сипатталады. Жазатайым оқиғалар мен адам құрбандығының алдын алу үшін осы қауіпті кезеңде сақтық ережелерін сақтау және төтенше жағдайларда әрекет ете білу қажет. Ең алдымен, қыста жолға шыққанда қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
– ауа райы туралы ақпаратты қадағалаңыз; жылы киім алыңыз; көлікте азық-түлік қоры, ыстық шай термосы болуы керек; машинадағы портативті жылытқыш та залалын тигізбейді; түнде жолға шықпаңыз, түнде боран болса, барлық бағдарлар жоғалады; қысылтаяң шақта сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз.
Егер боранда қалсаңыз сіз қарды қазып немесе табиғи қуыстарды (мысалы, құлаған ағаштарды) пайдаланып, қарда тікелей баспана ұйымдастыра аласыз. Мұндай баспанада тұрған адам өзінің жылуы арқылы ондағы температураны плюс деңгейіне жеткізеді. Бұл жағдайда ұйықтамауға тырысыңыз және қар бітеліп қалмауын үнемі қадағалаңыз.
Сіз қарлы боранда ерте ме, кеш пе, бағдарыңызды жоғалтасыз, физикалық тұрғыдан шаршайсыз. Аязда қатып қаласыз. Мұндайда жылы киім қысқа уақыт ішінде жел мен аяздан қорғай алады. Есіңізде болсын, қар жақсы пана болады. Сізді құтқаратын – қар баспанасы. Бұл денсаулыққа қауіп төндірмей, қарлы боранды, бұрқасынды өткізіп, одан әрі қозғалыс үшін қолайлы ауа райы жағдайларын күтуге мүмкіндік береді. Егер Сіз қарлы боранды көлікте күтетін болсаңыз, онда капоты желдің бағытымен тұрсын, мүмкіндігінше өзіңізді жылы ұстаңыз және жағар майды үнемдеп, арасында көлікті жылытып отырыңыз. Машинаның қар массасында қалу қаупі туындаса, машинада бітеліп қалмас үшін арасында түскен қарды күреп отырыңыз.
Моторды бітелген машинада іске қосуға қатаң тыйым салынады, газдар көліктің астына емес, атмосфераға шығуы үшін түтін шығаратын тұрбаны аршу керек. Көліктен шығып, арқанмен, шарфпен және тағы басқаларымен өзіңізді қауіптен сақтай біліңіз, өйткені, адам бағдарын жоғалтып, үйінен бірнеше метр қашықтықта қайтыс болған жағдайлар болған. Қыста қауіп-қатерден сақтану осы қысылтаяң кезеңдегі тәртіп пен іс-қимыл ережелерін сақтауға байланысты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.