«Ақмола облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты басқарманың сайтынан (http://tourism.akmo.gov.kz/), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігі бар.
Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефоны: 8 (7162) 91 19 06, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 77 77 (байланыс ақысыз негізде).