Қыздарым «Әпер, әпер» деп қоймағасын аталары екеуіне дүкеннен бір-бір қуыршақтан алып келді. Біреуінің шашы ұзын, ал, біреуінікі қысқалау екен. Айғаным атасына жылдам жүгіріп, қолындағы шашы ұзын қуыршақты ұстап алды да, екіншісі амалсыздан Зейнепке қалды. Ұнатқан қуыршағы бұл болмаған соң, Зейнеп сол сәтте бұртиды да қалды. Жалпы, бұл екеуінің бірінші рет таласуы емес. Мектептен, не балабақшадан шыққанда дүкенге апармасаң, екеуі бұлқан-талқан болады.
Бір түсінгенім, қазіргі заманда балаға қалағанын қанша әперіп жатсаң да жақпайды екенсің. Бір рет жоқ десеңіз болды, бұлқан-талқан болып шыға келеді. Әлбетте, бұл жерде кішкентайларға кінә тағайын деген ойым жоқ. Тек, осы қазіргі балалардың көрсеқызар болып өсіп жатқанына, Қытайдан әкелінетін қайдағы жоқ сапасыз ойыншықтарды, түрлі зиянды қоспалары бар тәттілерді алуға әуес екеніне іштей қынжыласың. Бұл жерде балаларды осыған үйреткен үлкендер өзіміз кінәліміз. Қалтамызда ақшамыз таусылып бара жатса да, баланың бетін қақпайын деп қалаған затын сатып алып жатамыз. Содан да болар, балалардың саналарында ақша оңайлықпен келеді екен деген ой қалыптасып қалғандай. Бір түсінгенім, қазіргі заманда балаға қалағанын қанша әперіп жатсаң да жақпайды екенсің. Бір рет жоқ десеңіз болды, бұлқан-талқан болып шыға келеді. Әлбетте, бұл жерде кішкентайларға кінә тағайын деген ойым жоқ. Тек, осы қазіргі балалардың көрсеқызар болып өсіп жатқанына, Қытайдан әкелінетін қайдағы жоқ сапасыз ойыншықтарды, түрлі зиянды қоспалары бар тәттілерді алуға әуес екеніне іштей қынжыласың. Бұл жерде балаларды осыған үйреткен үлкендер өзіміз кінәліміз. Қалтамызда ақшамыз таусылып бара жатса да, баланың бетін қақпайын деп қалаған затын сатып алып жатамыз. Содан да болар, балалардың саналарында ақша оңайлықпен келеді екен деген ой қалыптасып қалғандай. Тіпті, қазіргі балалар ата-анасы сатып әперген заттарға ұқыпты қарамайды. Бірер сағат ойнағаннан кейін мауықтары басылғасын әр жерге тастай салады. «Бұл да ақшаға келді ғой» деп жинап қою дегенді білмейді. Баяғыда өзіміз бала кезімізде әке-шешеміз не әперсе соған мәз болып жүре беруші едік. Ол кезде ата-анамен бірге дүкенге бару ойымызға кіріп шықпайтын. Өз бетімізбен ойнап, мәз болатынбыз. Күніміз далада ойынмен өтетін. Ол кезде дастарқанда да қазіргідей тәттілер тұрмайтын. Сары майды нанға жағып жеп, анамыз ұйытқан айранды ішіп алып, жүгіріп далаға кететінбіз. Ал, кешкісін жаңа сауылған сиырдың сүтін ішіп алып, ұйқыға жататынбыз. Ол кезде смартфонымыз терезеден бөлмемізге түскен ай сәулесі болатын. Соған қарап ертең не істейтінімізді, болашақта кім болатынымызды айтып, кейде қызық жайларды еске түсіріп, сықылықтап күлетінбіз.Қандай қызық, ә? Неткен сағым жылдар десеңізші?! Қазір бәрі өзгерді. Балалардың қолдарында бір-бір телефон. Дастарқанда май мен нан ғана тұрса, балалар өздерін аш қалғандай көретін болды. Ата-аналар балаларына тамақты телефонмен алдастырып «әке-көке» деп жегізеді. Себебі, бүгінгінің балаларының дүкеннің тамағынан басқасына тәбеттері тартпайды. Күн сайын алдарында пицца, торт пен шырын тұруы керек. Жасыратыны жоқ, біздің бала кезімізде анамыз тәтті атаулыны тек қонақ шақырғанда ғана дастарханға қоятын. Онысы жоқшылықтан емес, тек бізді үнемдеп үйренсін, астың, ақшаның қадірін білсін деген ниеті ғой. Үнемшілдік үнемі ақ дастарқанымыздан білініп тұратын. Ата-анамыз киімді де үсті-үстіне сатып әпере бермейтін. Балалар біріміздің киімімізді біріміз киіп өстік. Содан жаман болған жоқпыз. Қазір үлкендер балаға анау-мынау затты сатып әпере бергесін еңбекақыларын бір айдан екінші айға жеткізе алмай шыр-пыр болмағанда қайтсін? Үнемдеуді мүлде ұмыттық. Бұрында ас атасы болған нанымыз бүгінде бөлке-бөлкесімен қоқыста жатады. «Жаманнан жарты аяқ ас қалады» деген мақал бүгінгі қазақ қоғамы үшін маңыздылығын жойғалы қашан. Шіркін, осы әжелеріміз қырық жыл киген жейдесін тастауға қимай отырушы еді. Ал, қазір киімді бірер ай киеміз де, тастай саламыз. Біреулерге күлкілі естілсе де айтайын, бұрында әке-шешелеріміз шұлықтың өзін жыртылып қалса жамап алып, қайта киетін. Бүгінде қарт аналарымыз болмаса, жастардың шұлық жамамайтыны айдан анық. Қазіргілер миллиондап несие төлеп жатса да, киімнің жаңасын киіп, тамақтың дәмдісін жегісі келеді. Сондайлар несиені білмей өмір сүрген, барды бағалаған аға ұрпақ өкілдерінен үйренсе екен. Еңбекпен тапқан ақшамыздың қадірін өзіміз түсінбегесін, балаларымыз мұны қайдан ұқсын?! Иә, қазір адам жанынан басқасының бәрін сатып алуға болады. Дүкенде киім де, тамақ та аста-төк. Бірақ, қазақ мұндайда көрпеңе қарай көсіл, шамаңды біл деген. Шаша берсе, ақшада көз жоқ, білінбей кетіп қалады. Одан да тапқан қаражатыңды бір күндік дүниеге жұмсамай, болашақтың қамына жинаған дұрыс. Өзіміз үнемдей отырып, баламызды да үнемшілдікке үйретейік. Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.