Фарида Исланова бұрынғы Өзбек КСР-інің Ташкент облысындағы Алмалық қаласының тумасы. Өзінің еңбек жолын 1984 жылы бұрынғы Көкшетау облыстық статистика басқармасының есептеу орталығында оператор болып бастады.
1989 жылы Мәскеу қаржы-экономикалық институтын «Статистик» мамандығы бо-йынша тәмамдаған. Барлық саналы ғұмырын статистика саласына арнаған Фарида Исланова статистика департаментінде 30 жылдан аса жұмыс істейді. Өз кәсібін жақсы меңгерген, білікті маман іскерлігімен, еңбексүйгіштігімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Фарида Шамилқызы кәсіби қасиеттерімен қатар адамгершілігі мол, қайырымды, отбасының ұйытқысы. Жолдасы Рафаиль Гильманұлымен бірге Равиль мен Ильмираны тәрбиелеп өсіріп, немере-жиен сүйіп отыр. Осынау жылдардағы адал еңбегі үшін сауда және қызмет саласы статистикасы басқармасының бас маманы Фарида Шамилқызы Исланова «Статистика үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.