Көкшетауда көпбейінді жаңа аурухана салынады

Өткен бейсенбіде Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Мәлғаждар Тәткеев пен Айна Мысырәлімова облыстық әкімдікте «Astana Group» компаниясының өкілдерін қабылдап, Көкшетау қаласында жаңадан салынатын көпбейінді аурухананың құрылысына Түркиядан инвестор тарту бойынша келіссөздер жүргізді.

Аталған компания өкілдері алдында бірінші болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңіріміздегі медицина мекемелерінің ғимараттары сонау кеңес заманынан келе жатқанын, жыл сайын жаңарып келе жатқан Көкшетауға заманауи құралдармен жабдықталған, барлық стандарттарға сай жаңа кешен салу уақыт талабы екенін жеткізді. Аталған компания өкілдері алдында бірінші болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңіріміздегі медицина мекемелерінің ғимараттары сонау кеңес заманынан келе жатқанын, жыл сайын жаңарып келе жатқан Көкшетауға заманауи құралдармен жабдықталған, барлық стандарттарға сай жаңа кешен салу уақыт талабы екенін жеткізді. Осы ретте компания өкілі Светлана Шагинян «Astana Group»-тыңтүркиялық компания Rӧnesans Holding-пен бірлесіп жұмыс істейтінін айта келе, соңғысы жөнінде мәліметтер ұсынды. Жуырда Түркияда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ірі клиника, сондай-ақ COVID-19 вирусымен күрес мақсатында небары 45 күннің ішінде 1000 орынға арналған модульдік инфекциялық аурухана  салған  аты әлемге әйгілі құрылыс компаниясы Rӧnesans Holding енді облыс орталығындағы Сарыарқа ықшам ауданында заманауи аурухананың құрылысын жүргізуге ниет білдіріп отыр. «Astana Group» компаниясының өкілдері жобаны мемлекеттік-жеке- меншік әріптестік шеңберінде жүзеге асыруды ұсынды. Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін мемлекетіміздің меншігіне өтіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға медицинаның барлық салалары бойынша қызмет көрсететін болады. Бұл ретте, инвестордың міндеті ғимаратты салып, оны заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау. Алдын ала болжам бо-йынша жоба құны шамамен 105 миллиард теңгені құрайды. Медициналық құрылғылардың бағасына байланысты жоба құны тағы өзгеруі мүмкін. Құрылыс жұмыстарын жүргізумен қатар, компания өкілдері бұл жаңа ауруханаға қажетті  медициналық кадрларды да даярлауға әзір екендіктерін жеткізді. Түркия мемлекетінде аурухана құрылысымен бірге жанынан дәрігерлерге арналған тұрғын үйдің де құрылысы қатар жүргізіледі екен. Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев біздегі жаңа аурухана құрылысының жобасын әзірлеу кезінде де тұрғын үй мәселесін назарда ұстау керектігін айтты. Кездесу соңында сөз алған Айна Ермекқызы аталған жобаны «Astana Group» компаниясымен іске асыруға  облыс басшылығы да мүдделі екенін айта келе, жақын күндері меморандумға қол қойылып қалатынын мәлімдеді. Содан кейін жұмыс тобы құрылып, құрылысқа қатысты тиісті құжаттарды әзірлеу басталады.  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар