«Жедел жәрдемнен» науқастардың күтетіні – жедел қимыл

Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистерге коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары туралы айтып берді.

Қыркүйек-қазан айларымен салыстырғанда елімізде, соның ішінде біздің облыста коронавирус індетіне шалдыққан науқастар саны өсіп жатқаны белгілі. Мұны брифингте облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий де растады. Жаз айларына қарағанда қазір жедел жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар азайғанымен, коронавирус белгілері бар науқастардан түсетін қоңыраулар екі есеге өскен.  Қыркүйек-қазан айларымен салыстырғанда елімізде, соның ішінде біздің облыста коронавирус індетіне шалдыққан науқастар саны өсіп жатқаны белгілі. Мұны брифингте облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий де растады. Жаз айларына қарағанда қазір жедел жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар азайғанымен, коронавирус белгілері бар науқастардан түсетін қоңыраулар екі есеге өскен. Өз сөзінде бас дәрігер Ақмола облысы тұрғындарына жедел  жәрдем қызметімен көрсетілетін медициналық көмек туралы айтып өтті.  – Облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына 18 аудандық қосалқы станция мен 19 бөлімше кіреді. Ауыл тұрғындары жедел жәрдем қызметімен 67,6 процент қамтылған. Ал, жалпы облыс тұрғындарының қамтылуы 83 процентті құрайды. Станциямызда 69 тәуліктік бригада жұмыс істейді. Оның 9-ы дәрігерлік және қалғаны фельдшерлік бригадалар. Онда істеп жүрген мамандардың барлығы халықаралық көмек көрсету стандарты бойынша оқытудан өткен. Сондай-ақ, қызметкерлерді акушерлік тәжірибеде көмек көрсетуге оқыттық. Санитарлық көлік толық жеткілікті, – деген Александр Высоцкий жуырда 30 реанимобиль мен 8 автокөлік келгенін, олар облыстың барлық өңірлеріне берілетінін айтты.   Жедел жәрдем көліктері медициналық құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген. Әр көліктің бағыты GPS қосымшасы арқылы бақыланып отырады. Жедел жәрдем қызметінде обаға қарсы костюмдер, қорғану құралдары жеткілікті деді Александр Анатольевич.  Үстіміздегі жылдың он айында 22 227 тұрғын жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Оның ішінде орындалған шақыртулардың саны 197 526. Осы ретте, бас дәрігер көп жағдайларда тұрғындар жедел жәрдемді негізсіз шақыратынын, учаскелік терапевтер жазып берген дәрілерін еккізуге жедел жәрдем қызметкерлерін шақыртуға болмайтындығын айтты. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсетумен ғана айналысуы тиіс деген ол барлық шақыртулар жеделдігі бойынша төрт санатқа бөлінетінін жеткізді. Бірінші санат бойынша өміріне қауіп төнген науқастарға жедел жәрдем он минуттың ішінде жетуі тиіс. Биылғы жылдың он айында жедел жәрдем сондай 7066 шақыртуға барған.    –Бүгінгі таңда бізге түсетін шақыртулардың көбі тыныс алу жүйесі ауруларымен байланысты. Екінші орында жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары тұр. Қаңтар-қазан айлары аралығында тұмау, пневмония  және коронавирус инфекциясының лабораториялық расталған дерегі бойынша 43 907 шақырту орындалды. 15231 науқас облыстың инфекциялық және провизорлық стационарларына жеткізілді. Қазіргі таңда коронавирустың екінші толқыны күтіліп отырғандықтан, мынаны айтқым келеді, COVID-19 вирусы жеңіл түрде өтетін науқастар ауруханаға жатқызылмайды. Дене қызуы аздап көтерілген науқасты жедел жәрдем стационарға апармайды, – деген бас дәрігер жыл соңына дейін  жедел жәрдем қызметінің  103 call-орталығы өрт сөндіру, полиция қызметімен 112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметіне біріктірілетінін жеткізді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар