Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күншалған көмегін көруде - АРҚА АЖАРЫ

Күншалған көмегін көруде

Күншалған ауылы тамылжыған табиғат аясында орналасқан. Биік шоқылары, тұп-тұнық мөлдір бұлағы, қалың ну орманы мен құнарлы жері  адамдарға тек жайлы өмір сүріп, еңбек етіңдер  деп  тұрғандай.

Өңірде табиғаттың осы сыйын еселі іс-қимылымен қажетіне жаратып отырған «НұрАli» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атына жылы лебіз білдіруге болады.  Ауылдың тыныс-тіршілігіне атсалысып, демеушілік жасау, түрлі шараларда ауыл тұрғындарына қолдау көрсету бұл серіктестіктің қалыптасқан дәстүрі. Қарияларды қадірлеу айлығы  аясында Күншалған ауылында  арнайы іс-шара өткізіліп, қарттарды құттықтап, сөз сөйлеген серіктестіктің атқарушы директоры Қуаныш Жасаровпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түсті.
Аталмыш ауыл шаруашылығы кәсіпорны 2011 жылы Бекім Әкімовтың басшылығымен ұйымдастырылған екен. Жас құрылымның негізгі бағыты егіншілік пен  мал шаруашылығы салаларын  дамыту. Биылғы жылы  800 гектар алқапқа дәнді дақылдар себіліпті.  Оның 650 гектары бидай болса, осы егіс алқаптарының астығы  түгел жинап алынды. 105 гектар алқаптағы арпа  орта есеппен  гектарына 8 центнерден өнім берді. Өндірілген астықтың біразы бүгінде сатылып, шаруашылықтың қажетіне жаратылуда. Егін орағын уақытында өткізуге бұрынғы ескі комбайндармен бірге, жаңадан сатып алынған «Вектор» комбайнының да көмегі көп тиді. Астық жинау науқанында шаруашылықтың механизаторлары Владимир Казначей, Дмитрий Лоторев жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы орайда, егіншілерге шаруашылық қызметін көрсеткен  Талғат Әкімбаевтың еңбегін де атап өткен жөн.
Кәсіпорында жоғарыда айтқанымыздай, егіншілікпен бірге, мал  шаруашылығы да  дамып келеді. Ірі қара, жылқы мен қойға   250 тонна шөп дайындалған. Келешекте мал шаруашылығын дамыту жөніндегі  мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне сүйеніп, ірі қара малдың етін өндіру де   көзделіп  отыр.
Жер ананы  қадірін білген азаматтар елдің де қадіріне жетері анық. Серіктестік басшылары ауылдың әлеуметтік мұң-мұқтажына сергек қарайды. Бұл жақсылық нышаны деп білеміз.
Раушан БАРЖАҚСЫ.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар