Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда қазіргі заманғы аурухана салынады - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда қазіргі заманғы аурухана салынады

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірімізге жұмыс сапарымен келген «Astana Group» холдингінің негізін қалаушы, президенті  Нұрлан Смағұлов бастаған бір топ іскер азаматтармен кездесіп, Көкшетау қаласында көпбейінді аурухана салу мүмкіндіктерін қарастырды және екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажары»

 Кездесу барысында облыс орталығында көпбейінді аурухана құрылысы жобасының таныстырылымы өтті. Нұрлан Смағұловтың айтуынша, 630 орындық аурхананың құрылысын «Astana Group» холдингі мен түркиялық «Ronesans Holding» компаниясы бірлесіп қолға алмақшы. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қаржыландыру көзделіп отыр. Мұндағы жеке инвестиция көлемі 105 миллиард теңгені құрайды. Жобаны келер жылдың ортасында қолға алып, 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Инвестициялық және пайдаланудағы шығын республикалық бюджет есебінен өтеледі. Бұл елімізде теңдесі жоқ аурухана болмақшы. Компания осындай аурухананы Түркияда да салған екен. Онда келушілер саны жылына бір миллионға адамға жеткен.

– Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін мемлекетіміздің меншігіне өтіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқаруымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға медицинаның барлық салалары бойынша қызмет көрсететін болады. Бұл ретте, инвестордың міндеті ғимаратты салып, оны заманауи медициналық құрылғылармен жабдықтау. Сонымен бірге, Түркия елінен білікті дәрігер мамандар келіп, осында тәжірибелерімен бөлісетін болады. Бұл ақмолалықтардың сапалы медициналық қызметке қолдарын жеткізеді, – деді Нұрлан Смағұлов.

Жобамен танысқан облыс басшысы оған қызығушылық танытып, Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданы аумағында жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

– Облысымыздағы ауруханалардың жетпіс пайызы тозған. Жыл сайын жаңа аурухана салып, ескісін жөндеп жатырмыз. Материалдық-техникалық базасы жақсартылуда. Бүгінгі таңда пандемия кезінде тұрғындардың денсаулығына зор көңіл бөлініп отыр. Сіздердің ұсыныстарыңыз қызықтырып отыр. Оны жүзеге асырудың жолдарын міндетті түрде қарастыратын боламыз, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев өз сөзінде.

Облыс басшысы инвесторлар үшін Сарыарқа шағын ауданынан 17 гектар жер телімін бөліп, инженерлік коммуникация жүйесін тартуға көмектестінін айтты. Кездесу соңында облыс  әкімдігі мен «Astana Group» холдингі арасында екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасын құру ұсынылды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар