Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
416 мектептің оқушылары мектептеріне барып оқиды - АРҚА АЖАРЫ

416 мектептің оқушылары мектептеріне барып оқиды

Жаңа оқу жылының екінші тоқсаны басталып кетті. Үкімет басшысының төрағалығымен өткен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен саны 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшуі тиіс-ті.

Бұдан бұрын болған брифингтердің бірінде облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов облыстағы эпидемиологиялық ахуал мен бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес оқушыларының саны 180 балаға дейінгі мектептер ғана дәстүрлі форматта жұмысын жалғастырады деген болатын. Алайда, бұл шешім өзгерді. Енді облыс бойынша 416 мектеп штаттық режимде оқитын болады.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында бірінші тоқсанда 387 мектеп дәстүрлі режимде, 168 мектеп қашықтықтан жұмыс істеді. Сол 168 мектептің ішінде оқушылардың саны 300 дейінгі 53 мектеп бар екен. Аталған мектептер жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінен өтіпті.
Облыстың санитарлық бас дәрігерінің қаулысына сәйкес, ата-аналардың өтініші бойынша 1 мен 5 сыныптар аралығында 2936 кезекші топ ұйымдастырылады. Алайда, Көкшетау, Степногорск қалалары, Жақсы, Атбасар, Бурабай аудандары бұл тізімге кірмейді.
–Бұл әрине, бес аймақтың эпидемиологиялық жағдайына байланысты. 11 қарашада Covid-19 вирусын жұқтырудың 41 дерегі тіркелді. Оның 19-ы оқушылар арасында. Вирус жұқтырушылардың көбі Көкшетау қаласынан. Жақсы ауданында – 12, Степногорск және Атбасарда екі-екі оқиғадан, Бурабай ауданында бір адам коронавирус жұқтырған, –деді Бейбіт Жүсіпов брифинг барысында.
Сондай-ақ, мұғалімдер арасында коронавирус індетін жұқтырудың 7 дерегі тіркелген. Көкшетауда – 4, ал, Біржан сал, Бурабай және Жақсы аудандарында бір-бір жағдайдан анықталды. Жалпы, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша оқу үлгерімінің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 8 процентке өскен.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар