Азаматтық қорғаныс қызметіне – 25 жыл

Көкшетау техникалық институтының бастығы Сырым Шәріпханов: «Біздің мақсатымыз – оқу орнын академияға айналдыру»

– Сырым Дүйсенғазыұлы, Сіз басқаратын институт елімізде өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандарын даярлайтын бірегей оқу орны. Осы орайда, іріктеу кезеңінде талапкерлерге қойылатын талаптар қандай?
– Азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетіне жүргізілген талдауға зер салатын болсақ, соңғы үш жылда қызметке қабылданған қызметкерлердің 75 пайыздан астамы біздің институттың түлектері болып табылады. Ерекше екпін түсіре айта кететін жәйт, үміткерлерді іріктеу, Министрлік басшылығының ерекше бақылауында тұр. Институт аталған жұмысты қабылдау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып жүргізеді. Бір қуантарлығы, курсанттарды қабылдауды жүзеге асыру лимиті соңғы 5 жылда 120-дан 180 курсантқа дейін көбейтілді. Кандидаттарды іріктеу кезіндегі негізгі критерийлер олардың физикалық, психикалық-эмоционалдық жағдайы, медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы және оқудағы жақсы көрсеткіштері болып табылады. Бірақ, өз басым талапкердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы және оқуға деген ұмтылысы маңызды критерий деп санаймын. Ағымдағы жылы оқуға түсу үшін үміткерлерден бір жарым мыңнан астам өтініш келіп түсті. 2020 жылғы іріктеудің бірінші курс курсанттары арасында институтқа түскенге дейін құтқарушылық бейімділігі бар балалар бар. Атап айтсақ, бұл суға батушыны құтқарғаны үшін ведомстволық медальмен марапатталған Темірлан Шәріпбаев, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша 2019 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы және жүлдегері Біржан Шаймұратов. Бұл біз мақтан тұтатын балалардың біршама ғана бөлігі.
– Осы орайда, институттың шетелдік өзі тектес жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылы туралы айтып беріңізші. Өйткені, сіздерде өзара әрекеттесудің қаншалықты көп бағыты бар екені бізге белгілі.
– Институттағы халықаралық қатынастардың негізгі бағыттары – бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді шешудің заманауи әдістерін талқылауға арналған алаңдар болып табылатын ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысу. Осындай іс-шараларға қатысу біздің қызметкерлерімізге азаматтық қорғау саласындағы атақты ғалымдармен танысуға және одан әрі ғылыми дәрежелер алуға диссертациялық зерттеулер жазу үшін оларға бекітілуге мүмкіндік береді. Курсанттарымыз бен қызметкерлерімізді Ресей мен Беларусь шетелдік бейінді жоғары оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша өтеусіз негізде оқыту өзара тығыз іс-қимыл көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жыл сайын Ресей мен Беларусь бейінді жоғары оқу орындарына күндізгі оқуға тиісті конкурстық іріктеуден өткен талапкерлер арасынан 37 курсант және магистратура мен адъюнктура бағдарламалары бойынша оқу үшін профессорлық-оқытушы құрам қатарынан 5 қызметкер жіберіледі.
Қазіргі таңда шетелдік бейіндік жоғары оқу орындарында 220 күндізгі оқу курсанты оқуын аяқтады, оның ішінде 57 курсант оқуын үздік және екі курсант алтын медальмен аяқтады. Егер институттың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлауға талдау жүргізсек, онда адъюнктуралық жоғары оқу орнында оқуын аяқтаған 10 қызметкердің 7-уі техника ғылымдарының кандидаттары ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Сондай-ақ, 16 қызметкер магистратура бағдарламалары бойынша оқуды аяқтады.
– Институттағы халықаралық ынтымақтастық тек ТМД елдерімен жүзеге асырыла ма?
– Біздің өзара іс-қимылымыз тек сабақтастық байланыстағы жоғары оқу орындарымен ғана емес, практикалық қызметі төтенше жағдайлардың алдын алумен және оларды жою-
мен байланысты халықаралық ұйымдармен де жолға қойылған. Мысалы, 2018 жылы Атқарушы Кеңестің 51-ші сессиясында және Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының 23-ші сессиясында институтқа ХАҚҰ-ның үлестес мүшесі мәртебесі берілді. Аталған ұйымға мүшелік институт қызметкерлеріне азаматтық қорғау саласында халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуға және ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жыл сайын Институттың тәжірибелі мамандары өткізілетін іс-шараларға қатысады, мысалы, олар институт базасында «ТЖ аймағында өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу» тақырыбында профессорлық-оқытушы құрамының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өтті, институт қызметкерлері «Таулы аудандарда альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбы бойынша Қырғыз Республикасы ТЖМ жаттығу кешені базасында тау-кен құтқару даярлығы курсынан өтті. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық орган болып табылатын Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықпен өзара іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Серіктестік туралы айта отырып, институт қызметкерлері Әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшелері екенін атап өткен жөн. Институт қызметкерлері гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жұмыстар конкурсына қатысады.
– Институттың негізгі қызметіне қайта оралсақ, азаматтық қорғау жүйесі үшін мамандар даярлау, теориялық материалды бекіту қалай жүзеге асырылатынын айта отырсаңыз. Бұл үшін институтта қандай жағдайлар жасалған және бұл мәселеде аумақтық бөлімшелердің рөлі қандай, өйткені, сіздердің түлектеріңіз олардың болашақ мамандары емес пе?
– Алған білімді практикалық пысықтау – бұл кез-келген оқытудың маңызды құрамдас бөлігі. Институттың оқу бағдарламасы бірінші курстан бастап курсанттар оқу өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқаруға, одан әрі жоғары курстарда тұрғылықты жері бойынша гарнизондарда кәсіби практикадан өтуге тартылатындай етіп жасалған. Практикалық жұмыстар үшін шарттар туралы сұраққа жауап бере отырып, бұл мәселе соңғы бірнеше жылда ең өзекті және проблемалық мәселелердің бірі болғанын атап өту керек. Бірақ, Министрлік басшылығының қолдауы мен аумақтық бөлімшелердің көмегі арқасында өткен жылдың өзінде ғана институт аумағында контейнерлік үлгідегі жаңа жылу түтін камерасы орнатылып, пайдалануға берілді. Институттың оқу-жаттығу полигонын жаңғырту жалғасуда, осыған байланысты институттың балансына Алматы қаласынан институттың оқу-жаттығу полигонының аумағына жеткізілген «Қазавиақұтқару» АН-30 ұшағы берілді.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алынған нәтижелерін іске асыру мақсатында төтенше жағдайлар және әуе көлігіндегі төтенше жағдайларды жою кезінде іс-қимылдарды пысықтауға, өрт сөндірушілер мен Азаматтық қорғаныстың полоспсихологиялық даярлығын еңсеруге арналған оқу-жаттығу полигонында оқу орындары мен алаңдар салу жүзеге асырылады. Осылайша біз курсанттарға гарнизонға қызметке келе отырып, таңдаған мамандығының маңыздылығы мен салмақтылығы туралы нақты түсінікке ие болуы үшін жағдай жасаймыз. Тәжірибелі қызметкерлер мен жоғары курс курсанттары қатарынан институттың жиынтық жасағы Министрдің жедел резерві болып табылады және олардың Атбасар қаласындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар, Оразақ ауылындағы су тасқынының салдарын жою, Талапкер ауылындағы қар құрсауы, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға қатысу және тағы басқа аса ірі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға тартылған кездері аз емес.
–Институттағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар қандай тақырыптар мен бағыттар бойынша жүргізіледі? Олар іс жүзінде қандай сұранысқа ие?
– Институтта ғылыми-зерттеу жұмысы кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жүргізіледі, оларды іске асыру Министрліктің өтінімі мен институттың жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі «Әскери даярлық және азаматтық қорғаныс кафедрасының кедергілер жолағы жобасын әзірлеу және негіздеу», «Өртке қарсы қызмет гарнизондарының бөлімшелерінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды әзірлеу», «Төтенше жағдайларды жоюға тартылатын азаматтық қорғау құралымдарының күштері мен құралдарының құрамын есептеу әдістемесін әзірлеу», «Өрттер мен төтенше жағдайларға ден қою кезінде өрт және құтқару бөлімшелерін басқаруды жетілдіру» және тағы сол сияқты жұмыстар болып табылады.
Сонымен қатар, институттың профессорлық-оқытушы құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға белсенді қатысады. Ішкі істер министрлігі оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары арасында үздік ғылыми жұмысқа өткізілген конкурста біздің институт 2015 жылдан бастап үш рет 1-ші орынға, екі рет 2-ші орынға және үш рет 3-ші орынға ие болды.
– Осы орайда, институт қабырғасында курсанттарды оқыту туралы толығырақ айтып берсеңіз.
– Оқу-білім беру үдерісін ұйымдастырудағы бар тәжірибе 2019 жылдың шілде айында бастапқы дайындық мектептерінің базасында институттың Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау және Шымкент қалаларында орналасқан оқу орталықтарын құруға мүмкіндік берді. Олардың қызметінің негізгі бағыты – азаматтық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру және жаңадан қабылданған қызметкерлерді бастапқы даярлау. Құрылған сәттен бастап орталықтарда бір жарым мыңнан астам қызметкер оқытылды.
Осылайша біз азаматтық қорғау кадрларын үздіксіз көп деңгейлі кәсіби даярлауды жүзеге асырамыз. Бұл бізге республиканың азаматтық қорғау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың осы заманғы сұраныстарына неғұрлым үнемді және икемді ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Елде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап курсанттарды тұрғылықты жерлеріне жіберу және қашықтықтан оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Біз өткен оқу жылын жаңа және үйреншікті емес режимде аяқтадық. Жеке құрам да қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Covid-19 коронавирусының таралуына жол бермеу мақсатында Көкшетау қаласының әкімдігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап институттың жеке құрамы күн сайын қаланы санитарлық өңдеу бойынша іс-шараларға қатысты. Осыған байланысты қашықтықтан сабақ жүргізуден және кезекшілік атқарудан бос басшылық пен профессорлық-оқытушы құрам қатарынан 75 адамнан тұратын жиынтық жасақ құрылды. Дезинфекцияның барлық кезеңінде жалпы ауданы 1 миллион 262 мың 320 шаршы метр аумақ өңделді.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің өтініші бойынша біздің қызметкерлер Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасының дерматовенерологиялық орталығы базасында құрылған провизорлық бөлімше реанимациясының үздіксіз қызметі үшін оттегі баллондарын жедел жеткізуді жүзеге асырды. Осындай бір цилиндрдің салмағы 70 килограмнан асады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, коронавируспен күреске тікелей қатысқандардың барлығына алғыс айтамын.
– Осы атқарылып жатқан жұмыстармен бірге, жас ұрпаққа патриотизм сезімін қалай дарытасыздар?
– Біз институтта тәрбие мәселесіне ерекше назар аударамыз. Осыған байланысты тақырыптық семинарлар, конференциялар өткізіледі, азаматтық қорғау органдарының және басқа да әлеуетті құрылымдардың ардагерлері шақырылады. Институт өткен жылдар тарихымен сабақтастықты сақтауға көп көңіл бөледі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында институт сақ кезеңіндегі «Абақай қыраты» атты ежелгі жерлеу орнына ескерткіш орнатты. Институт тәрбиеленушілері үшін археологиялық экспедицияларға қатысу, тарихи мұражайлар мен мемориалдық кешендерге бару ізсіз қалмайды, бұған рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені арттыру мысал бола алады.
Институт бес жыл бойы Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы және даңқты жерлесіміз патриот Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығын зерттеп келеді. Оны нағыз батылдық пен даналықтың бейнесі деп атауға болады. Өзінің өмірлік ұстанымдарымен, ерліктерімен, ғылыми еңбектерінің нәтижелерімен ол өз Отанының шынайы патриоты болу нені білдіретінін көрсетті және дәлелдеді. Жақында институттың тарих мұражайы ашылды, ол біздің оқу орнының білім берудің алғашқы күндерінен бастап бүгінгі өсу жолын қамтыды.
– Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толды. Ендеше, осы саланың тағы бір ширек ғасырдан кейінгі болашақ қызметі мен институттың осы істегі рөлін қалай елестетесіз?
– Институт туралы айтқанда, соңғы бірнеше жылда біз жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісін ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізгенімізді атап өту керек. Қазір институт алдында маңызды міндет тұр. Ол осы оқу орнын Азаматтық қорғау академиясына айналдыру. Осы жылдар бойы біз осы мақсатқа жоспарлы түрде қадам бастық, тиісті материалдық-техникалық база қалыптастырдық, оқу-әдістемелік құралдар күшейтілді және ең бастысы, жеке құрамның кадрлық әлеуетін көтердік, атап айтқанда ғылыми дәрежесі бар профессорлық-оқытушы құрамның үлесі ұлғайтылды. Егер 5 жыл бұрын ол 30 пайызды құраса, бүгінде 55 пайызды құрайды. Бұрын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қызметкерлерді оқыту Ресейдің бейінді жоғары оқу орындарында жүзеге асырылғанын атап өткен жөн, ал, бүгін біз магистрлерді, ал, болашақта PhD докторларын өзімізде дайындай аламыз, бұл қазір ғылыми бағыттағы негізгі бағдарымыз болып табылады.
Өзінің құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін институттың негізгі мақсаты – азаматтық қорғау жүйесі үшін жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады. Уақыт бір орында тұрмайды, заманауи тәсілдер мен шешімдерді талап етеді. Пандемия біздің әдеттегі өмір салтымызға өз түзетулерін енгізді. Қазір біз оқу процесіне жаңа ақпараттық мүмкіндіктерді енгізудеміз және осы бағытты нығайтып, одан әрі кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
Сұхбатты жүргізген Жансұлу МЕҢДІБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар